«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Апалы-сіңлілі жасөспірім қыздар аман табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен апалы-сіңлілі жасөспірім қыздар аман табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

15 шілде түнгі 23.50 кезінде 102 қызметіне қоңырау түсіп, 14 және 16 жастағы екі қыздың үйден кетіп қалғаны хабарланған.

Полиция қызметкерлері қыздардың Қызылжар ауданының Затон ауылында болғанын анықтады.

Апалы-сіңлілі қыздарды іздеуге криминалды полиция, ювеналды полиция, патруль полициясы секілді бүкіл қызметтер күш салды.

Сонымен қатар волонтерлер мен қыздар оқитын мектептің әлеуметтік педагогтері де көмекке келді.

Кейін анықталғандай, 16 жастағы үлкен қыз бұған дейін де бірнеше мәрте үйінен кеткен.

Қазіргі таңда олардың Алтынсарин көшесіндегі бір пәтерде екені анықталып отыр. Қыздар бір досының үйінде болған.

«Жақындары іздеу салатын жасөспірімдер көп жағдайда ересектердің айтқанын тыңдамайды, оларға бағынбай, үйден шығып кетеді. Мұндай жауапсыздық полицейлердің жұмысын қиындатып жібереді. Көбінде балалар жай ғана достарымен көңіл көтеріп жүреді, сөйте тұрып ата-анасына қайда екенін ескерте салуға мойны жар бермейді», – дейді Петропавл ювеналды полициясының аға инспекторы Бекзат Чистобаев.

Жыл басынан бері полицейлер хабар-ошарсыз кеткен 67 баланы іздеп тапқан. Олар көп жағдайда бір тәуліктің ішінде табылады.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp