“Nur Otan” партиясы облыстық филиалы жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысы қоғамды жегідей жеген кеселді болдырмауға, алдын алуға, бұл саладағы пәрменді іс-қимылдарды бір сәт те босаңсытпауға бағытталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауының негізгі қағидаттарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын түсіндіру, партиялық жобаларды іске асыру, құқықтық сананы нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, партия мүшелерінің партиялық тәртіп пен этикалық нормаларды сақтау жолындағы іс-шараларының дәйектілікпен орындалуы үнемі қадағаланып отырады. Бұл орайда, партиялық бақылау комиссияларымен, партияның қоғамдық қабылдауларымен, сайлауалды тұғырнаманы іске асыру жөніндегі сараптамалық топтармен және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракциялармен, тиісті мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатылғанын айта кеткен жөн. Мемлекет басшысы міндеттегендей сыбайлас жемқорлықпен күрестің барынша жүйелі сипат алуына, пайда болу себептеріне көбірек назар аударып, алдын алу жұмыстарының жүргізілуіне бәріміз мүдделілік танытуымыз тиіс. Жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квзимемлекеттік сектордың нормативтік актілері мен жұмыс үдерісіне жемқорлықпен күрес тұрғысынан талдау жасаудың маңызы айрықша.
Облыс бойынша қоғамдық кеңестердің жұмысына 101 адам тартылған: олардың 11-і – облыстық, 90-ы аумақтық кеңестерге мүше. Бүгінге дейін барлық деңгейде 82 отырыс өткізіліп, қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, тиісті органдарға жолданды. Қоғамдық қабылдауларға келіп түскен 65 өтініштің бірде-біреуі ескерусіз қалған жоқ. Олар негізінен сумен қамтамасыз ету, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жұмысқа орналастыру, жер қатынастары секілді өзекті әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге қатысты болды.
Халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Әдеп кодексін және партиялық тәртіп мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізеді. Ұзын саны 77 рейд, семинарлар, дәрістер, “дөңгелек үстелдер”, кездесулер, әңгімелесулер, акциялар ұйымдастырылды. Әдеп кодексін сақтау бойынша жергілікті жерлердегі партиялық тәртіптің жай-күйі талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін партияның 1 мүшесі партия қатарынан шығарылды. 10 ескерту беріліп, 9 сөгіс жарияланды. Азаматтардың өтініштеріне неқұрайды қарайтын лауазымды тұлғаларға, сондай-ақ бастауыш ұйымдарға қатысты жауапкершілік күшейтіліп, мониторингтік талдаулар жүргізу жолға қойылды. Қордаланған проблемаларға жіті назар аударылып, жедел түрде шешудің жолдары қарастырылып отырады.
Еркебұлан МӘМБЕТОВ,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты.