«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тартысты бәсеке

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда муай-тайдан жас­тар арасында ел біріншілігі өт­ті. Жарысқа 15 команда қа­ты­суға ниет білдірді. Тартыс­ты бә­секеде 28 салмақ дәреже­сі бо­йынша 250 спортшы сын­ға түс­ті. Жалпыкомандалық есеп­­те Алматы облысы – бі­рін­ші, Ал­маты қаласы – екінші және сол­түстікқазақстандық тайбокс­шылар үшінші орынға ие бол­ды.

Екі күнге жалғасқан жарыста об­лыс командасының қоржынына 9 жүлде түсті: 3-і алтын, 5-і күміс ме­даль. Қарсыластарын шақ кел­тір­меген Алексей Турбин (48 кг.), Ша­миль Ермағамбетов (57 кг.) пен Ан­на Олейник (57 кг.) Қазақстан чем­пионы атанды. Ал Никита Гу­зеев (40 кг.), Дмитрий Комар (45 кг.), Никита Гопцы (51 кг.), Ерлан Айт­қабыл (54 кг.) мен Шахизат Жү­сіп (57 кг.) екінші орынды иеленді.

Муай-тайдан ел біріншілігі ая­сын­­да “Солтүстік кубогы” атты тур­нир де ұйымдастырылды. Бұл бә­се­ке­де спортшылар “муай-тай” жә­не “жа­уынгер” бағыттары бойынша өз­ара мықтыны анықтады. Бірінші­сін­де екі жұп 63,5 кг. салмақ дәре­жесінде сынға түсіп, ақтық сынға жерле­сіміз Евгений Зайцев пен алматы­лық Вадим Карабейников жолдама алды. Жеңіс төреші­лер­дің шешімі­мен Алматы облысы­ның намысын қорғаған тайбокс­шыға бұйырды.

“Жауынгер” бағыты бойынша бір жұп жұдырықтасты. 71 кг. сал­мақ дәрежесінде қос солтүстікқа­зақ­стандық Руслан Заякин мен Иб­ра­гим Беков кездесті. Осы жолғы ұрыста Ибрагим жеңіске жетті.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp