«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тілсіз жау тізгін бермеуде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 367 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 32 адам қаза тапса, 34-ін күйік шалды. Материалдық шығынның көлемі 143 млн. теңгені құрап отыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығы Рамиль Камалов айтты.

– Өткен жылмен салыстырғанда биыл өрт салдарынан көз жұмғандар саны 52 пайызға, жарақат алғандар қатары 4 есеге өсті. Табиғи өрт саны да артып отыр. Мысалы, жыл басынан бері қамыс, қоқыс пен құрғақ шөптің өртенуіне байланысты 750 шақырту түсті. Сондай-ақ 34,3 гектар алқапта 16 орман және 423 гектар жерде 38 дала өрті тіркелді, – деді Рамиль Фаткулович.

Орман өрті көбіне Жамбыл, Шал ақын, Мағжан Жұмабаев және Қызылжар аудандарында тіркелген. Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзудың 6 дерегі тіркеліп, заңға қайшы келген екі азамат анықталды.

– Бүгінге дейін 700-ден астам рейдтік шара өткізіліп, заң бұзған 96 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау, апаттың алдын алу тақырыптары бойынша 84 “дөңгелек үстел” отырысы ұйымдастырылып, аудан, ауылдардағы шаруа қожалықтары басшыларымен және тұрғындармен 155 кездесу өткізілді, – деді департамент бастығы.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp