«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРБИЕ — ТАЛ БЕСІКТЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғ.Мүсірепов атындағы об­лыстық балалар мен жасөспі­рімдер кітапханасында “Бала құ­қығы – асыл қазына” атты тәрбие сағаты өтті.

Қашықтан ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – оқушыларға құ­қықтық тәрбие беріп, жаман қылық­тардан аулақ болуға үйрету. Тәрбие сағаты жасөпірімдердің құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға бағыт­талды.

Шара одан әрі тақырыптық көрме­мен жалғасты. Жас оқырмандарға бос уақытты тиімді пайдаланбау, құқықтық білімнің аздығы, ата-ана тарапынан бақылаудың болмауы – құқық бұзудың негізгі факторы екені айтылды. Сондықтан да балалар бос уақытында кітап оқып, әртүрлі үйірме­лерге қатысып, спортпен шұғыл­дануы қажет. Іс-шараны ұйымдас­тырушылар жастарға құқықтық тәр­бие беруде халқымыздың даналық сөздерінің мәні ерекше екенін жет­кізді.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp