АВТОБУСТАР САТЫП АЛЫНДЫ
Солтүстік Қазақстан облысының 18 мектебіне шағын автобустар сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының 18 мектебіне шағын автобустар сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының 85 жылдық мерейтойы қарсаңында өңірдің жаңа туристік логотипі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғандар саны 117 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты 26 шілдеден бастап шектеу шаралары қатаңдатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырғандар саны екі есе өсті, тек өткен тәулікте өңірде жаңадан 110 жағдай тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітап қоры 314 жаңа туындымен толықты.
“Тұрмысқа шыққаныма он жылдан асты. Осы уақыттың ішінде көп қиындық көрдім. Ата-анам әлдеқашан қайтыс болды. Барар жерім, басар тауым болмаған соң, барлығына көндім. Панасыз, дәрменсіз, қорғаушысы, іздеушісі жоқ адамды кім басынбайды. Кейде өзімді келін емес, күң сияқты сезінемін”, – деп бастады әңгімесін Әлия. Жанары жасқа толып, жан жарасы тамағына ащы өксік болып тығылған келіншек біраз …
Тағам – біздің ағзамызға қорек пен күш-қуат беретін негізгі энергия көзі. Сондықтан аналар сәбиі алты айға толысымен кеуде сүтімен қоса, нәрестеге қосымша тағамдар бере бастайды. Жалпы қазақтың дәстүрі мен мәдениетінде тамақтану әдебі ерекше орын алады. Халқымыз дастарқан басына ең алдымен әулеттің үлкендерін шақырған. Төрге жайғасқан қарттар астан ауыз тиген соң ғана отбасының басқа мүшелері ауқаттана …
“Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер” дегендей, қыздардың іске икемді, ақылына көркі сай болып бойжетуі анасының берген тәрбиесіне байланысты. Сол себепті кез келген ана қыздарының қол қусырып отыруын жат санап, оны әлімсақтан еңбекке баулыған. Қолы қалт етсе, ине ұстатып, іс тігуге бейімдеген. Көпбалалы ана, “Алтын алқа” иегері Мәриям Ағыбаева да тігіншілікті …
Тайынша ауданындағы Драгомировка ауылының тұрғыны, әулеттің алтын діңгегі – Райхан Сердалинова тоқсанның тұғырына қонып, шаңырағын шаттыққа бөлеуде.
Мамлют ауданында тұратын Сағындықовтар отбасы – берекелі шаңырақ. Ерлі-зайыпты Небиюла мен Алма 40 жылға жуық тату-тәтті өмір сүріп, бес баланы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсірді. Жақында бұл әулет “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының өңірлік кезеңінде екінші орын алып, жерлестерін зор қуанышқа бөледі.
Спорттың ел өмірінде алар орны ерекше. Біріншіден, елдің абыройын асқақтатып, көк байрақты биікте желбірететіндер – осы спортшылар. Екіншіден, дені сау ұлттың жаны да сау болмақ. Сондықтан кәсіпқой спортпен бірге оның бұқаралық түрін дамытуға Қазақстанда ерекше көңіл бөлінеді. Әсіресе соңғы жылдары ауылды жерлерде ерекше ден қойыла бастады. Бұнысы түсінікті де, өйткені ел намысын қорғайтын саңлақтардың көбі …
ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ҚҰЛЫҚСЫЗДЫҚ Немесе жауапсыздарға жаза бола ма? Read More »
Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болған, өзімізге мәңгі жасайтындай көрінген кеңестік дәуірде жеріне, еліне адал еңбек сіңірген біртуар азаматтар аз болған. Бүгінде үзеңгі қағыстырып, бірге жүрген замандастарымыздың қатары сиреп барады. Келместің кемесіне мініп, қайтпас сапарға аттанғандар ел есінен біртіндеп шыға бастайды. Өкінішке қарай, бұл табиғи, уақыт деген төрешінің еншісіндегі заңдылық.
Мемлекеттік қызметкерлердің беделі мен мәртебесін арттыру, жағымды имиджін қалыптастыру ережелері Әдеп кодексінде жан-жақты айқындалған. Бұл үрдіс атқарушы биліктің ұстанған саясатымен өзара тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” Жолдауында мемлекеттік қызмет жүйесін қайта құру талабын қойды. Мемлекеттік аппарат және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жеделдетіп, үнемделген қаражаттың есебінен қалған қызметкерлердің жалақысын көбейтуді …
Бір жылдан астам уақыт өтсе де әлем елдерін тығырыққа тіреген қауіпті індетпен күрес әлі де жалғасуда. Бүгінде ведомстволық құрылымдар “COVID-19” инфекциялық вирусын ауыздықтауға барынша күш жұмсауда. Елімізде коронавирус тіркелген сәттен бастап тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ инфекция жұқтырған адамдардың байланысын шектеу мақсатында төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілді. Бірақ енгізілген шектеу шараларына қарамастан, кейбір адамдар …
Қыркүйек айынан бастап облыстағы барлық білім беру ошақтары дәстүрлі түрде жұмыс істейді. Ол үшін тиісті шаралар атқарылып жатыр. Облыс орталығында бірқатар жаңа мәдениет нысандары жөнделіп, есігін айқара ашады. Еліміздің 30 жылдық және облыстың 85 жылдық мерейтойлары аясында көптеген шаралар ұйымдастырылады. Бұл ауқымды жұмыстар жайлы облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалындағы брифинг …
Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе бойынша экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зиядден Молдағанапов баяндама жасап, облыстың алты айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталды.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жуырда ғана ашылған сот ғимаратында болды. Бұрындары бұл нысанда қызмет көрсету колледжі орналасқан екен. Үстіміздегі жылы ғимарат толығымен жөндеуден өтіп, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот көшіп барды.
Биыл маусым-шілде айларындағы құрғақшылықты сылтау етіп, шөп бағасын қымбаттатып жібергендер кездесті. Мал азығының бағасын тұрақтандыру мақсатында Есіл ауданының орталығы Явленка елді мекенінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, жергілікті диқандармен кездесті.
Петропавл қаласындағы сауналардың бірінен шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.