«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТТЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жуырда ғана ашылған сот ғимаратында болды. Бұрындары бұл нысанда қызмет көрсету колледжі орналасқан екен. Үстіміздегі жылы ғимарат толығымен жөндеуден өтіп, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот көшіп барды.

Мекемеде төрт сот залы бар. Барлығы дыбыс және бейнежазба жүйесімен жабдықталған. Одан бөлек адвокат пен прокурор, судьялардың жеке кабинеттері қарастырылған. Қазіргі таңда 10-нан астам маман жаңа жұмыс орнымен қамтылған. Ашылғаннан бері мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа 30-дан астам жерлесіміз келіп, талап-арыз қалдырған.

Әкімшілік соттың ғимараты ғана жаңарған жоқ, шілденің 1-нен бастап сот ісін жүргізудің жаңа түрі енгізілді. Осылайша азаматтардың мемлекеттік органдармен арадағы дауда теңдігі қамтамасыз етілмек. Бұл туралы өткен жылы қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте жазылған.

– Бұл кодексті қабылдаудағы мақсат – азаматтар мен әкімшілік органдар арасындағы дауларды сот қараған кезде екеуінің арасындағы теңдікті сақтау. Өйткені таразының бір жағында жеке тұлға болса, екінші жағында әкімшілік мемлекеттік орган тұрады, екіншісінің өзінің аппараты, дайындалған қызметкерлері бар дегендей. Осы теңсіздікті жою үшін кодекс қабылданып, азаматтардың құқықтарын қорғауға ерекше екпін беріліп отыр, – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Бердібек Мұстафин.

Алдияр АЙТПАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp