76 мың тонна улы зат ауаға тараған
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Статистика департаментінде мамандар өткен жылы ауаға қанша және қандай зиянды заттардың тарағанын есептеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Статистика департаментінде мамандар өткен жылы ауаға қанша және қандай зиянды заттардың тарағанын есептеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавлда полицейлер бейнебақылау камералары арқылы карабинмен көше ортасында жүрген ер адамды байқап, ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қызылжар ауданының әкіміне және осы ауданның жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушыға ақшалай өндіріп алу жазасын қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүкіләлемдік адам саудасымен күрес күніне орай облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдермен кездесті. Тәртіп сақшылары “Әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірлесіп, адам саудасына қарсы күрес туралы әңгімеледі.
Ғарыштық мониторинг Петропавлда 63 қоқыс орынын анықтады. Оның 46-сы жойылуы керек. Заңсыз пайда болған орындар Жұмысшы кентінде, Былғары зауыты шағынауданында, Пушкин мен Жуков көшелері аумағында орналасқан.
Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 97 спортшы қатысып жатыр. Олардың қатарында 4 жерлесіміз бар. Өкінішке қарай, үшеуі жүлдегер атанарлықтай қауқар көрсете алмай, жанкүйерлерін жабырқатты.
Бір жарым ғасыр бойы саясат құрбаны болып, бертінге дейін әндері өз атымен аталмай келген, тумысы бөлек, тұла бойы тұнған өнер иесі, сал-сері, композитор, классикалық қазақ әнінің негізін қалаушы Сегіз сері жайлы дау-дамайлы әңгіме әлі де басылмаған сыңайлы.
Бұлақ – әулиелі ауыл. Түгін тартсаң, майы шығатын құнарлы жері бар. Үсті ғана емес, асты да – тұнған байлық. Бағы ма, әлде соры ма, қойнауынан алтын табылып, ұлылардың ізі қалған жерді қазір астаң-кестеңін шығарып қазып жатыр. Бұл – бір кездері атақты Ақан сері ән салып, Үкілі Ыбырай серілік құрған мекен. Мақаламыздың кейіпкері Таңат Бейсенбаев та …
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында есімі өңір жұртшылығына жақсы таныс ағаларымыздың бірі – Алтай Қожахметпен тілдесудің сәті түсті. Еңбек жолын қатардағы экономистен бастап, облыстық басқарма басшысы дәрежесіне дейін көтерілген экономист-ғалымның шығармашылық және өмір жолы қайта жаңғырған қазақ мемлекеттілігінің орнығу, қалыптасу, даму кезеңімен тығыз байланысты. Ғұмырының біраз бөлігін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде студенттердің тәлім-тәрбиесі …
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДЕРБЕСТІК – ЕГЕМЕНДІКТІҢ БАСТЫ ӨЛШЕМІ Read More »
Биыл – ел Тәуелсіздігіне 30 жыл. Бұл әрбір мемлекеттік орган үшін атқарған жұмысының қорытындысын шығаратын сәт. Сондықтан қазынашылық жүйесін ілгерілетуге және жетілдіруге мүмкіндік берген жайттарға тоқталып өткім келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1994 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымында қазынашылықтың бас басқармасы құрылды. Бастапқы кезеңде негізгі қызмет мемлекеттік қаржыны тиімді басқаруды қамтамасыз ету, тұрақты …
Өңірімізде 17,61 мың гектар алқапқа күздік бидай егіліп, қазір орақтың нағыз қызған уақыты. Көктемгі қуаңшылық өнімділікке кері әсер еткенімен, қыста қар тоқтату жұмыстары жүргізіліп, топыраққа ылғалдың мол сіңірілуінің арқасында шығымдылық көңілдегідей деп айтуға толық негіз бар.
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана және “Аттракциондар әлемі” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары бірлесе ұйымдастырған адамзаттың алыбы Абай Құнанбаев пен жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың мерейтойларына арналған “Даланың ұлы ақындары” атты поэзиялық байқауының қорытындысы жарияланды.
Соңғы төрт жылдың ішінде “Бастау” бағдарламасының шапағатын 7 мыңнан астам солтүстікқазақстандық көрген. Олар арнайы тегін курстарда кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп қана қоймай, мемлекеттік грант, жеңілдетілген несие алды. “Бастау” жобасы түлектерінің бірі өз ісін Есіл ауданының Явленка елді мекенінде дөңгелетуде.
Солтүстік Қазақстан облысында Ashyq жобасына 1 175 кәсіпорын қосылған. Олардың 48-і тиісті талаптарды орындамағандықтан екі аптаға шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалін кең көлемде өткізу көзделіп отыр. Ұлттық спорттың көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату түрінен өтетін жарыстар командалық тәртіпте жүргізіледі.
Петропавлда жыл басынан 45 велосипед ұрланды, олардың тек жартысы ғана табылып, иелеріне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында мониторинг топтары 2600-ден астам рейд өткізіп, карантин бұзуға қатысты 555 деректі анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылына дайындық барысында 75,5 млн теңгеге жеткілікті көлемде дезинфекциялау құралдары сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.