«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жетілу жолы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл – ел Тәуелсіздігіне 30 жыл. Бұл әрбір мемлекеттік орган үшін атқарған жұмысының қорытындысын шығаратын сәт. Сондықтан қазынашылық жүйесін ілгерілетуге және жетілдіруге мүмкіндік берген жайттарға тоқталып өткім келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1994 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымында қазынашылықтың бас басқармасы құрылды. Бастапқы кезеңде негізгі қызмет мемлекеттік қаржыны тиімді басқаруды қамтамасыз ету, тұрақты бюджетті қалыптастыру, мемлекеттік функцияларды сапалы орындау болды. Алғашқы жылдар өте ауыр тиді, барлық төлем құжаттарын қабылдап, оларды компьютерге қолмен енгізуге тура келді, содан кейін күнделікті баланс жинақталып, мемлекеттік мекемелер үшін қағаз түрінде есептер қалыптастырылды. Сонымен қатар ORAKL жүйесін тестілеу режімінде жұмыс істей бастадық. Сол кезде қызметкерлер түнгі уақытта да еңбектенуге мәжбүр болған еді.

Уақыт алға жылжуда және жаңа ақпараттық жүйелер тиімді енгізілуде. Қазынашылық департаменті қазір екі жүздей мемлекеттік органға қызмет көрсетеді, олар – квазимемлекеттік пен мемлекеттік сатып алу субъектілері. Айына 16600-ден астам төлем құжаты өңделеді. Бұрын төлем құжаттары қағаз түрінде ұсынылатын, сәйкесінше оларды басып шығаруға көп уақыт кететін, қағаз жұмсалатын. Мемлекеттік мекемелердің есепшілері сағаттап кезекке тұрып, төлемдер жасалуын күтетін. Бүгінгі күні “Қазынашылық-клиент“ жаңа ақпараттық жүйесін пайдаланады. Мұнда әр мемлекеттік мекеменің есепшісі дербес түрде төлем құжатын жасайды, сканерлейді және шот-фактураны төлеуге арналған растайтын құжаттармен бірге ұсынады. Тиісінше әрбір мемлекеттік мекеме есеп формаларын дербес қалыптастырады. Жаңа ақпараттық жүйе мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлерінің жұмысын жеңілдетті, келіп есеп беру қажет емес, көлік шығындары да төмендеді, бұл, әсіресе алыс ауылдық округтерден келетіндерге тиімді.

Соңғы жаңалықтардың бірі – биылғы 31 мамырда аумақтық бөлімшелердің ақпарат пен құжаттарды электронды депозитарийге енгізетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі. Мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық депозитарий – мемлекеттік сатып алудың веб-порталында қалыптастырылған, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын электрондық мәліметтер базасы. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті жеткізушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын ақпаратты және құжаттарды қарау, тексеру, түзету бойынша функционалдылықты дамыту тұрғысынан жұмыстар жүргізілуде.

Қазынашылық органдарының жаңа функцияларының бірі ретінде “100 нақты қадам“ Ұлт жоспарының 98-шы қадамын орындау, яғни ауылдық округтер мен аудандық бағыныстағы қалалардың дербес бюджетінің орындалуына қызмет көрсетуді атап өткен жөн.

Бюджеттің шығыс бөлігін сапалы орындау, сондай-ақ бюджеттерден бөлінетін ақшаны мақсатты пайдалану еңбектенуге Қазынашылық комитеті және оның аумақтық органдары деңгейінде мемлекеттік сатып алу субьектілері үшін ірі инвестициялық жобаларға қазынашылық қызмет көрсету үшін шоттар ашылды.

Біз егемендік жылдары көп үйрендік, іздендік, өзгердік. Бүгінгі таңда ол Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес ақша қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылаудың басты кепілі болып табылады.

Кенжеболат ҒАБДУЛЛИН,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp