Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына төртінші қола медаль түсті. Осы жолы бокстан ұлттық құраманың капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жүлдегер атанды.
Аса ауыр салмақта жартылай финалда өнер көрсеткен отандасымыз АҚШ-тың былғары қолғап шебері Ричард Торреспен қолғап түйістірді. Бірінші раундтан бастап америкалық боксшы жекпе-жекті өз қолына алды. Қамшыбек те қарап тұрған жоқ, ара-тұра ауыр соққылар жасаумен болды. Алайда 2-ші раунд соңында Қамшыбек нокдаунға түсіп, төреші есеп ашты.
Үшінші раундта қазақстандық боксшының қабағы жарылып, төрешілер жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Есепте алда тұрған Ричард Торрес финалға өтіп, өзбекстандық Баһадүр Жалоловқа қарсылас атанды. Ал отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиаданың қола медаліне ие болды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.