Петропавлда ата-анасының қарауынсыз өзенге шомылуға барған бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 16.00 шамасында болған. Петропавлдағы 20-ықшамауданы маңынан ағатын Есіл өзеніне шомылуға барған 2009 жылы туған жасөспірім суға кетті.
Бала өзенге үлкендердің қарауынсыз келген.
Оны құтқару мүмкін болмады. Жасөспірімнің денесін жедел-құтқару отрядының мамандары судан алып шықты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
СҚО-да жыл басынан бері суда осымен 19-шы адам қаза тапты. Мерт болғандардың бесеуі – бала. Былтыр суға 9 адам кетсе, оның біреуі бала болатын.
https://www.inform.kz/