«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.08.2021

Шектеу шаралары енгізілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бірлік ауылында құтырма ауруының тіркелуіне байланысты шектеу шаралары қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СӘЙГҮЛІК ТІЗГІНДЕГЕН СҰЛУ

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында тұратын Асыл Ахметова 12 жасынан бері аттан түспей, жылқы бағып келеді. Кейінгі кездері жылқышы қыздың ауылдың шынайы өмірін бейнелеген интернеттегі жазбалары көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Сәйгүлік жаратып, бәйгеге шапқан бойжеткенге шетелдіктер де сүйсіне қарауда.

Қауіпсіздік — басты назарда

Жаңа оқу жылының қарсаңында полицей­лер балалар мен жасөспірімдер тарапынан және оларға қатысты жасалатын заң бұзушылықтарды ескерту жұмыстарын күшейтті. “Шара барысында полицияда есепте тұрған, шартты түрде мерзімінен бұрын босаған, ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болған адамдарды, тұрмысы төмен отбасыларды тексеру шара­лары ұйымдастырылуда”, – деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

Алаяқтықпен күрес

Облыс полицейлері өңір тұрғындарына ин­тернеттегі алаяқтық жайлы ескерту үшін әлеуметтік желілерде ресми аккаунттар ашты. Парақшалар “Cyberpolice_sko” және “Anti_fraud_15” деп аталады. Қазір 1600 қолдану­­шысы бар. Полицейлер әлеуметтік желіге жадынамалар мен жалған аккаунттар туралы ақпаратты, түрлі бейнероликтерді орналас­ты­рып тұрады.

Алтын бұйырмаған Олимпиада

Төрт жылда бір өтетін Олим­пиа­да ойындары өз мәресіне жетті. Екі аптаға созылған байрақты бәсекеге 205 мемлекеттің 11 мыңнан астам спортшысы қатысты. Аламан жарыста 95 отандасымыз бақ сынап, 8 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет алтын жүлдесіз қалды.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ — БАРШАҒА БАҒДАР

Көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі ғалым-зерттеуші, саяси және экономика ғылымдарының докторы Тайыр Аймұхаметұлы Мансұровтың “Биліктің сабақтастығы, интригалары мен үнқатуы. Қазақстан және әлемдік көшбасшылар. Билік ауыстырудың әлемдік тарихы және қазақстандық тәжірибе” атты кітабын оқығаннан кейінгі ойлар.

АУЫЛДЫ ҚОЛДАУ ЖЫЛЫ

Тәуелсіздік жылнамасына көз жүгіртетін болсақ, 2003 жыл ел өміріндегі елеулі өзгерістермен есте қалғанын көреміз. Қазақстанның алдымен экономика, содан кейін саясат қағидатына негізделген даму жолы өз жемісін бере бастады. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында да айқын көрініс тапты. Тарихи құжатта алдағы кезеңдерге арналған саяси реформалардың бес негізгі басым бағытын қамтитын бағдарлама ұсынылды. Мемлекеттiк …

АУЫЛДЫ ҚОЛДАУ ЖЫЛЫ Read More »

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

Өңірдегі 462 мектептің жаңа оқу жылына әзірлігі, оларда жылы дәретханалар мен бейнебақылау жүйесінің бар-жоғы тексерілді. Солтүстік Қазақстан облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мәліметі бойынша кейбір білім ордаларының талапқа сай жұмыс істемейтіні анықталды. Кемшіліктердің бірі – мектептерде ыстық тамақтың берілмеуі.

Бала үшін бәріміз жауаптымыз

Мен облыстық мәслихаттың депутаты әрі отбасы, әйелдер және балалардың құ­қықтарын қорғау кеңесінің төрайымы болғандықтан ғана емес, ана ретінде де кішкентайларымыздың ертеңгі өмірі қайғы-мұңсыз өтсе екен деп армандаймын. Олар аға ұрпақ көрген қиындықтардың ауылы­нан алыс, алаңсыз өскенін қалаймын. Бар тілеуім – осы. Ана болған соң жүрек түкпірінде жасырынып жатқан, шемен болып қатқан толқулардың, қорқыныштардың болуы заңды. …

Бала үшін бәріміз жауаптымыз Read More »

БАТЫРДЫ ҰЛЫҚТАУ – ТАРИХТЫ ҰМЫТПАУ

Ақжар ауданына “Tugurul han – on han” халықаралық корпоративтік қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы, академик, меценат Асылхан Игібаев бастаған бір топ ғалым келді. Ғалымдардың алыс ауданға келу себебі – халықтың дәстүрі, тарихы, мәдениетін жаңғыртып, туған жердің айтулы тұлғаларының рухына тағзым ету. Сондай-ақ біздің ауданымызда жерленген, XVIII ғасырда өмір сүрген атақты Байтайлақ батырдың есімін ұлықтау.

Жемшөп жеткілікті ме?

Облыста малға жемшөп әзірлеу науқаны жүріп жатыр. Атқарылған шаруа туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасарлары айтып берді.

ӨҢІР БАСШЫСЫ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы өңір басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. “Мен көктемде коронавируспен ауырып шықтым. Белгілі бір уақыт өтті, сондықтан дәрігерлер вакцина алуға кеңес берді. Ауырмау үшін мен отбасыммен екпе алу туралы шешім қабылдадым. Кеше ұлым екпе алды, ертең әйелім вакцина салдырады. Бүгін мен “Sputnik V” вакцинасының бірінші …

ӨҢІР БАСШЫСЫ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ Read More »

Өтініш беруге рұқсат

“Ұлым биыл бірінші сыныпқа баруы тиіс. Алайда құжаттарды бірінші тамызға дейін ғана қабылдайтын көрінеді. Мен жылдағыдай жаңа оқу жылына дейін өткіземін деп ойлап жүр едім. Ұлымды енді мектепке қабылдай ма?” Сәлима БЕГЕНОВА, Петропавл қаласының тұрғыны.