Облыс полицейлері өңір тұрғындарына интернеттегі алаяқтық жайлы ескерту үшін әлеуметтік желілерде ресми аккаунттар ашты. Парақшалар “Cyberpolice_sko” және “Anti_fraud_15” деп аталады. Қазір 1600 қолданушысы бар. Полицейлер әлеуметтік желіге жадынамалар мен жалған аккаунттар туралы ақпаратты, түрлі бейнероликтерді орналастырып тұрады.
Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климовтың сөзінше, әлеуметтік желілердегі жұмыстармен қатар, криминалдық полиция қызметкерлері көшелерде, қоғамдық орындарда жадынамалар мен буклеттер тарату бойынша акцияларды да өткізіп тұрады. Сондай-ақ облыс орталығында баннерлер ілінген.
Желідегі алаяқтардың құрығына түсіп қалмау үшін интернетте қаржылық оперцияларды жасау кезінде мұқият болып, ақпаратты жан-жақты тексеріп алу қажет. Тікелей банкпен хабарласып, мәліметтерді растаған жөн. Сонымен қатар бөгде адамдарға жеке куәліктің, банк картасының мәліметтерін, кодтарды, құпия сөздер мен SMS-хабарламаларды айтуға болмайды. Интернеттегі алаяқтар солтүстікқазақстандықтарды “Колеса”, “Крыша”, “OLX” және “Instagram” арқылы жиі алдап жатады. Биылғы жеті айдың ішінде облыстық криминалдық полиция қызметкерлері 637 хабарландыруды тексеріп, 61-ін бұғаттады. Өңірде жыл басынан бері интернет алаяқтықтың 300-ден астам фактісі тіркелген.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті сыртқы және ішкі коммуникациялар бөлімінің маманы.