«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қауіпсіздік — басты назарда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңа оқу жылының қарсаңында полицей­лер балалар мен жасөспірімдер тарапынан және оларға қатысты жасалатын заң бұзушылықтарды ескерту жұмыстарын күшейтті. “Шара барысында полицияда есепте тұрған, шартты түрде мерзімінен бұрын босаған, ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болған адамдарды, тұрмысы төмен отбасыларды тексеру шара­лары ұйымдастырылуда”, – деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

Учаскелік инспекторлар мен ювеналдық полицейлер балалар мен олардың ата-аналарына көшеде жүріп-тұру ережелері және байтаныс адамдармен сөйлеспеу жайлы ескертті. Акцияның алғашқы күнін­де түрлі қылмыстар жасағаны үшін есепте тұрған 530 адам мен тұрмыс жағдайы нашар 122 отбасы тексерілді. Нәтижесінде есепте тұрған адамдардың тарапынан орын алған 4 құқық бұзушылық анықталды. Алдын алу шарасы тамыздың 13-іне дейін жалғасады.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті сыртқы және ішкі коммуникациялар бөлімінің маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp