«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бір аптада 16 адам коронавирустан көз жұмды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында 2 тамыздан бастап коронавирустан 16 адам көз жұмып, 56 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, маусым айында коронавирусты 503 адам жұқтырса, шілдеде ауырғандардың саны 2601-ге жетті. Ал тамыздың он күнінде КВИ-ді 1383 адам жұқтырды.

Қайтыс болғандар саны да күрт артты. 2 тамыздан бастап өңірде 16 адам қауіпті инфекциядан көз жұмды. Оның үшеуі өткен тәулікте қайтыс болды. Қазір инфекциялық стационарларда 781 адам емделіп жатса, соның 56-сының жағдайы аса ауыр.

Коронавирусты жұқтырудан Петропавл алда келеді. Ауырғандардың жартысына жуығы облыс орталығына тиесілі.

Өткен тәулікте СҚО-да КВИ жұқтырудың жаңа 156 жағдайы тіркелді. Ауырғандардың жалпы саны 19 272 адамға жетті. Тәуір болғандар – 17 631. Инфекциялық стационарларда 1715 орын болса, ол шамамен 48 %-ға толған.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp