«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мектептер Ashyq жобасына қосылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында барлық мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері Ashyq жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйектен бастап оқушылар штаттық режимде оқиды. Осыған орай коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық білім беру мекемелері Ashyq жобасына қосылды.

Петропавлдағы № 27 жалпы білім беретін орта мектебі қосымшаны 5 тамыздан бастап қолданып келеді. Яғни, білім ордасына енді QR-кодты сканерлеу немесе ЖСН ұсыну арқылы ғана кіруге болады.

«1 қыркүйектен бастап ата-аналар оқу орнына бұрынғыша кіре алмайды. Сұрақтары болған жағдайда өз мәртебесін көрсетіп қана өте алады. Мектеп ұстатаздары мен техникалық мамандардың төрт адамнан басқасының бәрі вакцинациядан өтті. Оларға созылмалы ауруларына байланысты екпе қою мерзімі шегерілді», – дейді мектеп директоры Гүлбарам Ибраева.

Жалпы СҚО-да 472 білім ордасы бар, оның үшеуі – жекеменшік, 7-уі коррекциялық мектеп. Ұстаздардың 96,2 %-ы, яғни 15 709 адам екпе алды. Техникалық қызметкерлердің 9998-і – 95,5 %-ы толық вакцинациядан өтті.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp