«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.08.2021

Көмір қымбаттаған жоқ

Солтүстік Қазақстан облысында бюджеттік нысандар жылыту маусымында 144 мың тонна көмір жағады, қажетті отынның 94 мыңы аудандарға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Иттер “сынақ” тапсырды

Солтүстік Қазақстан облысы­ның полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында қызметтік-іздестіру иттерін тестілеу өтті. Полицейлердің көмекшілері адамды іздеу, есірткі заттарын және жарылғыш заттарды анықтау, сондай-ақ зертхана жағдайында одорологиялық сәйкестендіру бойынша машықтарын көрсетті.

ЖАНУАРҒА ЖАНАШЫРЛЫҚ ҚАЖЕТ

Облыс орталығында күннен-күнге қаңғыбас ит-мысықтардың саны артып келеді. Бұған қаладағы жер үйлердің сүріліп, олардың орнына көпқабатты баспаналардың тұрғызылуы да себеп болуда. Жаңа пәтерлеріне жануар кіргізуге құлықсыз тұрғындар иттерін қаңғыртып жіберуге мәжбүр.

МАҒЖАН МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін патриоттық рухта тәрбиелеу, туған өлкесінің тарихын зерделеу мақсатында Мағжан Жұмабаев ауданының төтенше жағдайлар басқармасы мен №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне ақын Мағжан Жұмабаев атындағы мұражайға экскурсия ұйымдастырылды.

Ынтымағы жарасқан

Бір мыңға жуық тұрғыны бар Архан­гельск ауылында өңір тарихы жайлы тыл­сым сыр шертетін шағын мұражай бар. Ол белгілі кәсіпкер, осы жердің тумасы Петр Вагнердің қаржылық қолдауымен құры­лып, жұртшылықтың мәдени, рухани қаже­тін өтейтін орындардың бірі саналады. Жә­дігерлердің арасынан осы арада Қайран­көл деген қазақ ауылы болғаны, отбасы­лардың саны бес жүзден асып жығылғаны жайлы деректерді кездестіріп, таңданы­сымды жасыра …

Ынтымағы жарасқан Read More »

ҚҰТТЫ ҚОНЫС

Бүгінгі таңда “Еңбек” бағдарламасы аясында солтүстік өңірлерге тұрғындар көптеп қоныстануда. Бағдарлама аясында тұрғын үй алуға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беріледі. Биылғы жылы табиғаты көркем Имантау ауылына жеті отбасы қоныс аударды.

Еңбек адамына құрмет

“Еңбек жолы – 2021” өңірлік байқауы­ның қо­рытындысы шықты. Байқаудың мақсаты – жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрле­­рін сақтау және көбейту үшін үздік ең­бек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындау. Конкурс еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға және еңбек өнімділігіне ынталандыруға ықпал етеді.

Субсидия сергелдеңі

Кәсіпкер мемлекет тарапынан берілетін демеуқаржыны ала алмай отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы болса тиісті лицензиясының жоқтығын алға тартады. Мәселе Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңесте қаралды.

Аудандық ауруханалардағы аудит

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы өңірдегі денсаулық сақтау саласының бірқатар нысандарында аудит жүргізді. Атап айтқанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қатарына кіретін Ақжар және Уәлиханов аудандық ауруханалары қызметінің тиімділігі бойынша және осы емдеу мекемелерінің пандемия кезеңінде мемлекеттік қаражатты пайдалануына тексеріс жүргізілді. Мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша 2,5 млн. теңгенің заң бұзушылықтары, оның ішінде жергілікті бюджетке өтелуге тиісті …

Аудандық ауруханалардағы аудит Read More »

САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – СӘН ЕМЕС Өңір кітапханалары заманауи жүйеге көшуде

Заман ағымына сай дамып, заманауи технологияларды қолданысқа енгізу – уақыт талабы. Соңғы кезде елімізде сандық жүйеге көшу туралы жиі естиміз. Бірақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, цифрландыру – сәнге айналған үр­діске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабі­леттілігін арттырудың негізгі құралы болуы керектігін естен шығармаған жөн.

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СОНЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Өңірімізге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова келді. Халық қалаулысы іссапар аясында “Nur Otan” партиясы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің көшпелі отырысын өткізді.

ҮЙІРМЕЛЕР ТЕГІН БОЛАДЫ

Спорт күні қарсаңында облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласындағы Спорт сарайында болып, ондағы үйірмелердің жұмысымен танысты.

СҮТ ӨНДІРІСІНДЕГІ ӨРШІЛ ЖОБА

“Масло-Дел” ЖШС-і – еліміздегі қуатты кәсіпорындардың бірі. Республика аумағында оның 24 бөлімшесі жұмыс істейді. Бес зауытының біреуі – Қытай елінде, екеуі Қызылжар өңірінде орналасқан. Облыс орталығында сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорында жаңа өндірістік желі іске қосылды. Оның ашылу рәсіміне облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін көтеріп, сымбатты әрі жігерлі болуына септесетін құдыретті күш болатын болса, ол – спорт. Елімізде дене шынықтыру мен спортты дамытуға қолда бар жағдайдың бәрі жасалып жатқанын атап өткен жөн. Тамыз айының үшінші жексенбісі елімізде Спорт күні ретінде аталып өтіледі.

Сегіз адамға айыппұл салынды

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ағымдағы жағдай туралы мамандар баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

80 жастағы кейуана құтқарылды

Солтүстік Қазақстан облысында патрульді полиция батальонының экипажы ауыл тұрғынын, 80 жастағы әйелді түтінге оранған үйден алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отбасының шырқын бұзған

Солтүстік Қазақстан облысында жеті айдың ішінде отбасылық жанжалға қатысты мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 429 тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.