Облыс орталығында күннен-күнге қаңғыбас ит-мысықтардың саны артып келеді. Бұған қаладағы жер үйлердің сүріліп, олардың орнына көпқабатты баспаналардың тұрғызылуы да себеп болуда. Жаңа пәтерлеріне жануар кіргізуге құлықсыз тұрғындар иттерін қаңғыртып жіберуге мәжбүр.
Шаһарда иесіз иттер мен мысықтарға арналған орталықтың жұмыс істейтінін айта кеткен жөн. Бүгіндері бұл жерде 400-ден астам жануар бар. Төртаяқтыларға пана табылғанымен, түйіні шешілмеген тағы бір түйткіл бар. Яғни орталықтағы жануарларға азық табу мәселесі өзекті. Осынша ит пен мысықты асырау үшін айына кем дегенде 2 млн. теңге қаражат қажет.
Жуырда Халықаралық хайуанатарды қорғау күніне орай Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы аталмыш орталыққа гуманитарлық көмек көрсетті. Салпаңқұлақтарға тамақпен қатар жайлы үйшіктер де жеткізілді.
Асылжан БЕГАЛИНОВА,
ерікті.