«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Иттер “сынақ” тапсырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы­ның полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында қызметтік-іздестіру иттерін тестілеу өтті. Полицейлердің көмекшілері адамды іздеу, есірткі заттарын және жарылғыш заттарды анықтау, сондай-ақ зертхана жағдайында одорологиялық сәйкестендіру бойынша машықтарын көрсетті.

– Тестілеу барысында төртаяқтылар есірткі және жарылғыш заттарды далалы жерлерден, автокөліктерден іздеді. Жарылғыш заттарды іздестіруде тәжірибелі инспектор-кинолог Евгений Сичков баптайтын “Айза” атты неміс овчаркасы үздік нәтиже көрсетті. Есірткі заттарын іздестіру бойынша “Робби” атты бельгиялық овчарка ерекшеленді. Оның үйретушісі – Виктор Фукс. Адамды орманнан іздестіруде “Көкжал” атты бельгиялық овчарка озып шықты. Оны полиция сержанты Рашид Сұлтанов үйретеді. Жедел-криминалистикалық басқарманың одорологиялық зерттеу зертханасындағы сынақта үздік көрсеткішті үш жасар “Дези” атты спаниель тұқымды ит көрсетті. Дезидің жетекшісі – кинолог Николай Железнов, – деді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының бастығы Самат Төлебаев.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp