Карантин шектеулерін бұзған
Солтүстік Қазақстан облысында мониторинг топтары шілде айының ортасынан бері карантин шектеуін бұзып, той өткізуге қатысты 76 оқиғаны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында мониторинг топтары шілде айының ортасынан бері карантин шектеуін бұзып, той өткізуге қатысты 76 оқиғаны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мал азығын сатуға қатысты бірден төрт интернет алаяқтықты тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінде Уәлиханов ауданындағы Қызыл оба қорымында аспан астындағы мұражай ашу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта құнды жәдігерлерге бай бірегей археологиялық нысан этнотуризм орталығына айналмақ. Кешенді іске қосуға республикалық қазынадан 55 млн. теңге бөлінген.
Бүгінде ыдыс-аяқ пен пластмассадан жасалған басқа да бұйымдарға Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сай Кеден одағының “Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы” (КО ТР 007/2011), “Қаптаманың қауіпсіздігі туралы” (ТР ТС005/2011) техникалық регламенттері белгіленген.
Тарих беттерін парақтайтын болсақ, қазақ халқы бастан кешірген аштық адамның сай-сүйегін сырқыратып, санасын сансыратып жібереді. Талай шаңырақты күйреткен ақтаңдақ кезеңнің қайғы-қасіретін ішіне сыр ғып бүккен архив құжаттары айналымға қосылса, қаншама ақиқатқа көзіміз жетер еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқев “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласында бұл бағыттағы кезек күттірмес міндеттерді белгілеп берді. “Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін …
Адамның жастық шағына деген сағынышы мен мұңын жеткізетін “Жиырма бес” әні халық арасында кеңінен танымал. Тарихтың тереңінен жеткен туындының авторы өз сөзінде дүниенің өткіншілігі жайлы философиялық ой толғап, тыңдаушысын бейжай қалдырмайды. Бұл әннің бірнеше нұсқасы бар. Авторлары да әртүрлі. Алайда “Жиырма бесті” Ақан серінің жазғаны туралы еш жерде айтылмайды…
Жаңа оқу жылында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне 797 грант бөлінді. Бұл жайлы жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Гүлмира Оспанова мәлімдеді.
Өткен жылыту маусымында облыстағы жеке тұрғын үй секторында 390 өрт тіркелді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 33 пайызға көп. Өңірде тұрмысы төмен отбасылар, жалғызілікті қариялар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар тұратын 4557 жеке тұрғын үй бар. Оларда 17 мыңнан астам адам тұрады, соның 5 мыңға жуығы – бала. Бұл үйлер қауіп-қатер тобы ретінде өртсөндірушілердің ерекше назарында.
Елімізде күзге қарай қымбаттайтын тауардың бірі – қант. Бақшадағы дақылдар пісіп, халық қысқа қамданатын кезде бағасы өсіп шыға келеді. Биыл да сол үрдіс. Ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің мәлімдеуінше, өңірде қанттың бағасы 10 пайызға өскен екен. Қанттың қымбаттауы басқа өнімдердің де бағасына әсер ететіні анық. Мәселен, өңірде май мен нан, ұн, дақылдар мен балық, ет-сүт …
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты аумақтық департаменттердің негізгі міндеттері – зейнетақы беру және әлеуметтік қамсыздандыру, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу.
Пандемия басталғалы өңірімізде коронавирус инфекциясын 20256 адам жұқтырды. Тамыздың 15-і күні облыста 163 тұрғынның қауіпті дертке шалдыққаны белгілі болды.
Әлемнің картасында жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан пайда болғаннан бергі уақытқа ойша көз жүгіртсек, ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін демократиялық ел ретінде орнығуы алдағы зор даму стратегиясын, болашағы мен қоғамдағы орнын айқындап берді. Әр жыл халықтың еркі мен ынтымақтастығын білдіретін, тұрмысы мен өмір сапасын арттыруға негізделген нақты бағдарламалармен ерекшеленді. 2004 жыл облыс …
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов “Qyzyljar” экономикалық аймағында салынып жатқан “CLAAS” зауытында болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісінде спорт күні аталып өтіледі. Кәсіби мерекеге орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада салтанатты жиын ұйымдастырылды. Өңір басшысының орынбасары Ғани Нығыметов спорт саласының қызметкерлері мен ардагерлерін төл мейрамдарымен құттықтады.
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы уақытта қысқа деп жиналған шөптің өртенуі жиілеген. Оған көп жағдайды отты абайсыз қолдану себеп болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс орталығында президенттік көпсайыстан ел біріншілігі өтті. Спорт күні қарсаңында ұйымдастырылған сайысқа еліміздің алты облысынан жиналған 80-ге жуық спортшы қатысты.