«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘНІ САУДЫҢ, ЖАНЫ САУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісінде спорт күні аталып өтіледі. Кәсіби мерекеге орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада салтанатты жиын ұйымдастырылды. Өңір басшысының орынбасары Ғани Нығыметов спорт саласының қызметкерлері мен ардагерлерін төл мейрамдарымен құттықтады.

– Жыл сайын облыста салауатты өмір салтын ұстанғандар қатары артып келеді. Бүгіндері олардың қатары 180 мыңға жақындады. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі күні өңірде балалар мен жасөспірімдерге арналған 27 спорт мектебі мен 2894 арнайы нысан жұмыс істейді. Басым бөлігі ауыл­дық жерлерде ашылды. Нәтижесінде аудандардан шыққан саңлақтарымыз ел намысын халықаралық жарыстарда қорғап жүр. Жуырда Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында 4 бірдей жерлесіміз өнер көрсетті. Олар: велошабандоздар Алексей Луценко мен Артем Захаров, жеңіл атлеттер Ирина Эктова мен Михаил Литвин. Баршаңызды спорт күнімен құттықтаймын, жеңісті жолдан таймаңыздар, – деп ізгі тілегін жеткізген облыс әкімінің орынбасары бір топ сала қызметкеріне өңір басшысының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады. Спорт және мәдениет министрлігінің грамоталары да өз илерін тапты,

Бұл шарада “Спорт пен дене шынықтырудың дамуына қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен сала ардагері Александр Окованцев марапатталды. Аға буын өкілдері арасынан Марат Шақшабаев, Ғалым Өркешов пен Теміртас Әлжановтарға “Еңбек ардагері” медальдары табыс етілді. Әрқайсысының спорттағы өтілі 40 жылдан асады.

– Ұлттық спорт түрлері – қазақ тарихының ажырамас бөлшегі. Еліміз Тәуелсіздігін алған кезден бері ерекше мән беріліп отыр. Әсіресе қазақ күресі қанатын кеңге жайып, әлемдік деңгейде түрлі жарыстар өтіп жатыр. Бұл сайыстарға өңіріміздің балуандары да қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Еңбегімді бағалап отырған облыс басшылығына ризашылығымды білдіремін, – деді спорт ардагері Ғалым Өркешов.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Вадим МУДАРИСОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp