«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.08.2021

Өңірге қытайлық вакцинасының 13,5 мың дозасы жеткізілді

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін бүгіннен бастап қытайлық Sinopharm компаниясының Vero Cell деген вакцинасы да қолжетімді, өңірге 13,5 мың доза препарат жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тарихи-мәдени ескерткіштер тексерілді

Солтүстік Қазақстан облысында биыл СҚО тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен қолдану орталығы прокурорлармен бірге өңірдегі 600-ге жуық тарихи-мәдени ескерткішке мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БАЛАЛАРҒА – БАЗАРЛЫҚ

Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Балаларға – базарлық” атты кітап көрмесі ашылды.

ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢДІ

Футболдан Қазақстан кубогының топтық ойындары аяқталды. Жергілікті “Qyzyljar” клубы плей-офф кезеңіне шықты.

Лицензиясы жоқ өнім

Тиісті рұқсат құжаттарынсыз алкоголь өнімін өткізу фактісі қаладағы Украин көшесінің бойындағы дүкендердің бірінде анықталды. №4 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары сауда орнынан 453 литр лицензиясы жоқ алкоголь өнімін тәркіледі. Ішімдіктің басым бөлігі сыра. Дүкен иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 463-бабы бойынша, яғни тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей, кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, …

Лицензиясы жоқ өнім Read More »

ЕЛЖАСТЫ ЕЛІ ҰМЫТПАЙДЫ

Қарағаш – Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы ауыл. Кіндік қаным тамбаса да, мектептегі күндерім мен алғашқы еңбек жолымды бастаған айлар мен жылдарымның куәсі болған жер. Бүгін сөзге тиек еткелі отырған жазушы әрі сыншы, қоғам қайраткері Елжас (Ілияс) Жүнісұлы Бекенов осы Қарағаш ауылында 1892 жылы дүниеге келген. Он бір жасынан еңбекке араласып, байдың малын баққан. 1916 …

ЕЛЖАСТЫ ЕЛІ ҰМЫТПАЙДЫ Read More »

ҮЛКЕНДЕРДІҢ БАТАСЫ

Менің жасым тоқсанға келіп қалды. Ал менің атамның өмірден өткеніне жетпіс жылдан асты. Сонда да айтқан ақылы мен өнегесі әлі есімде. Бірақ албырт шақта кейбір есті әңгімелеріне жіті назар аудармағаныма өкінемін.

Мақсаты айқын

Бүгінде қыз-келіншек араласпайтын сала жоқ. Әсіресе темірдей тәртіпке бағынып, әскери қызметке өмірін арнап, ер азаматтармен иық тіресе еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер аз емес. Қазір полиция саласында да қыздардың қатары қалың. Мәселен, Айыртау аудандық полиция бөлімінде онға жуық нәзік жан жұмыс істейді. Отан алдында адал қызмет етуге ант берген арулар ерлерден кем түспей, күні-түні тұрғындар қауіпсіздігін …

Мақсаты айқын Read More »

Қыз – ұлттың ұяты

Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде ұятты болмауын ойлап, бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Мейлінше ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын әрдайым қадағалап отырған. Еркін ұстап еркелеткен, бірақ еркінсітпеген. Мына заманның кері ағымы ма, қазір ай маңдайлы, аяулы қарындастарымыздың атына кір келтіретін жағдайлардың жиі орын алатыны өкінішті-ақ. Меніңше, ана тілі мен …

Қыз – ұлттың ұяты Read More »

СӘБИДІҢ КҮЛКІСІ — БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ

Отбасында баланы ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, қазақы таным-түсінікпен тәрбиелеудің маңызы зор. Сонда ғана елін сүйетін, жерін қорғауға әзір, рухани бай, ұлтжанды ұрпақ өсіп шығады. Тәлімді тәрбиесімен, үлгілі өнегесімен танылған жас отбасылардың бірі Ақжар ауданында тұрады.

Жиен неге ел болмайды?

Қазір кейбір адамдардан жиенді “немере” деп айтатынын жиі естимін. Бірақ халқымыз ұлдан өрбіген ұрпақты немере, қыздың баласын “жиен” деп атайды емес пе? Сондықтан жиенді немере деп атауға не жорық?

ҚАУІПСІЗДІК АЙЛЫҒЫ

Күздің салқынымен қатар өрт саны да күрт көбейеді. Әсіресе адамдар мұржалар­ды ал­дын ала тазалап алмай пеш жағуды бастайды. Электрмен жылыту құралдарын пайдалану кезінде де өрт қауіпсіздігі қағидаларын ескермейтіндер бар.

Айрықша құрмет

Сергеевка қаласында еңбек аллеясының салтанатты ашылуы өтіп, игі шараға аудан әкімі Рахат Смағұлов, ардагерлер кеңесінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қоғамның қозғаушы күші

Өңірімізге іссапармен келген Парламент Мәжілісінің депутаты Мәди Ахметов пен “Jas Otan” жастар қанаты төрағасының орынбасары Асылжан Бүркіталин жергілікті қыз-жігіттермен кездесіп, толғандырған мәселелерін тыңдады.

“Біздің шаңырағымыз биік болсын”: Мемлекеттік Елтаңбаны жасау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында қаншалықты терең мағына бар екенін көпшілік түсінбейді. Ол сізге көрінетін әрбір элементінде бар. Оның философиясының мықтылығы сонша Елтаңбаның өзі біздің мемлекеттілігіміздің тұмары болып табылады. Себебін де айта кетуімізге болады.

ШЫРАЙЫ АРТҚАН ШАҺАР

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бір көрінісі – облыс орталығының көркі десек артық айтқандық болмас. Елдің шетінде орналасқан Петропавл қаласы соңғы жылдары адам танымастай өзгерді. Жаңадан шағынаудандар пайда болып, әлеуметтік нысандар тұрғызылуда. Бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, шаһарды абаттандыруға жұмсалуда. Оның қалай жүзеге асырылып жатқанын көру мақсатында облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс қызу жүргізіліп жатқан нысандарды аралап қайтты.

Cұранысқа ие мамандықтарға қайта оқытады

Солтүстік Қазақстан облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 515 адам еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға қайта оқытылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.