«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Лицензиясы жоқ өнім

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тиісті рұқсат құжаттарынсыз алкоголь өнімін өткізу фактісі қаладағы Украин көшесінің бойындағы дүкендердің бірінде анықталды. №4 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары сауда орнынан 453 литр лицензиясы жоқ алкоголь өнімін тәркіледі. Ішімдіктің басым бөлігі сыра. Дүкен иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 463-бабы бойынша, яғни тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей, кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi жүзеге асырғаны үшін материал жиналды.

Алкоголь өнімін өткізу талаптарын бұзу фактілері Интернационал және Воровской көшесіндегі дүкендерде де анықталды. Екі факті бойынша әкімшілік кодекстің 282-бабына сәйкес хаттама толтырылды. “Жыл басынан заңсыз кәсіпкерлік үшін 34 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзғаны үшін тағы 22 құқық бұзушы жазаланды”, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Әлібек Ғабдулин.

Жалпы жыл басынан Петропавлда құрамында спирті бар 4360 литр өнім заңсыз айналымнан алынды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp