«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Карантин талаптарын бұзғандарға 2,7 млн теңге айыппұл салынды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында мониторингтік топтар екі аптаның ішінде 1,5 мыңға жуық нысанды тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі Әсет Жұматаевтың айтуынша, мониторингтік топтар Петропавл мен 13 ауданда соңғы екі аптада 142 рет рейдке шыққан. Осы аралықта 1433 нысанды тексеріп, 30-ында карантин шектеулерін бұзу деректері анықталды.

«Қызылжар мен Ғабит Мүсірепов атындағы екі ауданнан басқасында мониторингтік топтардың жұмыс нәтижесі көрінбейді. Жалпы осы аралықта әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 38 хаттама толтырылды. Оның 35-і жеке тұлғаларға, 3-уі – жеке кәсіпкерлерге қатысты. Айыппұлдың ортақ мөлшері – 2,7 млн теңге», – дейді Әсет Жұматаев.

Үй карантинін бұзғандар да жауапқа тартылып жатыр. Қазір СҚО-дағы 2100-ден астам нысан Ashyq жобасына қосылған. Оның ішінде сауда орындары, ойын-сауық орталықтары, медициналық және мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлік нысандары және т.б. бар.

«Үй карантині талабын бұзып, қоғамдық орындарда болғандар Ashyq арқылы анықталып жатыр. Оларды жауапқа тарту жұмыстары қолға алынды. Қосымшаны орнатқан нысанға кірмек болған 12 адам жазаланды. Олардың есімдері БАҚ-та жарияланды», – дейді Әсет Жұматаев.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp