«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.08.2021

Оқу жылына әзірлік қалай?

Мектептерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы бюджеттен 259 млн. теңге жұмсалса, үстіміздегі жылы 65,8 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Локдаун енгізілуі мүмкін

Тамыздың 20-сы күнгі ақпарат бойынша облыста 171 тұрғынның қауіпті дертке шалдыққаны анықталды. Оның 145-де ауру белгілері бар. Бұл жайында орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Әлеуметтік қолдауға айрықша назар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” Жолдауында атап өткендей ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты құралы саналатын цифрландыруды әлеуметтік-еңбек саласына енгізу – маңызды талаптардың бірі. Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындаған кезде халықтың бума-бума қағаз толтырып, сансыз есікті тоздыруға мәжбүр болатыны жасырын емес. 

Астық қабылдауға дайын

Солтүстік Қазақстан облысы экономикасының өзегі – ауыл шаруашылығы. Оның ішінде астық өсіру – басты бағыт. Облыс бойынша астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 6,6 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде 45 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында 3,0 млн. тонналық және агроқұрылымдар мен қырман шаруашылықтарында 3,6 млн. тонналық қоймалар бар. Бұл өңірде өндірілген астықтың сақталуын толық қамтамасыз етеді.

КЕЙ АУДАНДАРДА ВАКЦИНАЛАУ ҚАРҚЫНЫ БАЯУ

Өңірде коронавирус індетіне байланысты ахуал әлі де алаңдатарлық. 12 шілдеден бастап “қызыл” аймақтамыз. Алайда сырқаттану көрсеткіші 212-ге жетіп, “қою қызыл” аймаққа кіру қаупінің күшейе түскені белгілі. Мұның ақыры демалыс күндері локдаун жариялауға, сақтық шараларын тіпті қатаңдатуға соқтыруы мүмкін. Облыстық әкімдіктің отырысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай жайлы есеп берген санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев адам көңіліне қаяу …

КЕЙ АУДАНДАРДА ВАКЦИНАЛАУ ҚАРҚЫНЫ БАЯУ Read More »

ТЫҢ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов белсенді жастармен бірге өңірде жүзеге асырылып жатқан өміршең жобалармен танысты. Студенттерге, жас педагогтар мен еріктілерге озық кәсіпорындардың қалай жұмыс істейтіндігі көрсетілді. Сонымен қатар жастар егін жинау науқанының барысымен және Петропавлдағы көпсалалы аурухананың құрылысымен танысты.

Бұл күнде көзден ұшқан сағымдайсың

Қасиетті Қызылжар топырағынан түлеп ұшқан қала­мы қарымды журналист, арқалы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі марқұм Тоқтар Зікіриннің бұл жалған дүниемен қош айтысқанына да қырық күн толып қалды. Көзі тірі болса тамыздың 22-сі күні туған күнін тойлап, ақжарма тілектер айтып жатқан болар едік. Алланың ісіне амал бар ма? Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының бас кезінен балауса жырларымен …

Бұл күнде көзден ұшқан сағымдайсың Read More »

БІЛІМГЕ ҚҰШТАР БҮЛДІРШІНДЕР

Конституция күні қарсаңында Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Smart Kids” балалар орталығының тәрбиеленушілері қонақта болды.

Оңалту орталығы ашылды

Облыстық фтизиопульмонология орталығының Мағжан Жұмабаев аудандық бөлімшесінде бронх-өкпе патологиясы және коронавируспен ауырған науқастардың денсаулығын қалпына келтіруге арналған медициналық оңалту орталығы ашылды.

“БАСТАУ” ТҮЛЕКТЕРІНЕ – ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ

“Бастау” бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгерген солтүстікқазақстандықтар “Атамекен Қызылжар” микроқаржылық ұйымынан жеңілдетілген несие рәсімдеу мүмкіндігіне ие. Аталған ұйым Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының жанынан “Бастаудың” түлектеріне қаржылай қолдау көрсету мақсатында құрылған. Ол үшін бастаулықтардың қолында оқуды тамамдағаны жайлы сертификат болуы тиіс.

Имамдар екпе салдырды

Облыс мешіттерінің қызмет­керлері коронавирусқа қарсы екпе салдыртуда. Дін жолында жүргендердің таңдауы қытайлық “Sinopharm” компаниясы шығарған “Vero Cell” вакцинасына түсті.

ЖАҢА МАУСЫМ – ЖАҢА ҚҰРАММЕН

С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры XXIII-ші маусымды бастады. Шығармашылық ұжымның алдағы жоспары, актерлер құрамындағы өзгерістер туралы театрдың көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі Дәурен Тойбазаровпен сұхбаттасқан едік.

Жастарды жұмысқа қабылдауда

Петропавлда электротехникалық жабдықтар жасайтын жаңа зауыт жұмысын бастауға дайын. Жергілікті кәсіпорында трансформаторлар жасалып, шет елдерге сатылмақшы. Бұл – республикадағы ірі өндіріс ошақтарының қатарындағы “Alageum Electric” компаниясының жобасы.

Төрт мыңға жуық жол ережесін бұзу

Петропавлда көшедегі бейнекамералар 4 мыңға жуық жолда жүру ережесін бұзу дерегін тіркесе, соның 3,5 мыңға жуығы тоқтау сызығынан өтіп кетуге қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.