«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Имамдар екпе салдырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс мешіттерінің қызмет­керлері коронавирусқа қарсы екпе салдыртуда. Дін жолында жүргендердің таңдауы қытайлық “Sinopharm” компаниясы шығарған “Vero Cell” вакцинасына түсті.

“Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы және Петропавлдың бір топ имамы облыс орталығындағы емдеу мекемесіне жүгініп, вакцина алды.

– Жұқпалы ауру саябырситын емес. Онымен көп болып күресуіміз қажет. Қазіргі уақытта аурудың таралуын болдырмау үшін вакцина алу маңызды. Шариғатымыз да денсаулық мәселесінде “әр аурудың шипасы бар, емделіңдер” деп мұқияттылық танытуды талап етеді, – дейді Кенжетай қажы Байкемелұлы.

Облысқа қытайлық “Vero Cell” вакцинасының 13,5 мың дозасы жеткізілген болатын. Бүгіндері өңірде 60 мешіт бар, онда шамамен 100-ден астам діни қызметкер жұмыс істейді. Олардың жартысынан көбі екпе алып үлгерді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp