«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстікқазақстандық волонтер Арктикадағы экологиялық экспедицияға қатысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық Роман Гиричев «Вилькицкий аралына экологиялық экспедиция – 2021» волонтерлік бағдарламасына қатысып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл тұрғыны Роман Гиричев Арктикада ұйымдастырылған волонтерлік іс-шарадан елге оралды. «Вилькицкий аралына экологиялық экспедиция» деп аталатын ерікті бағдарламасы биыл бесінші жыл өтті. Романның оған екінші рет қатысып отыр.

Роман Гиричев М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің түлегі. Қазір «Қазгидромет» РМК СҚО филиалында инженер-агрометеоролог істейді. Биылғы демалысын ыстық елде, теңіз жағасында күнге күйіп емес, Арктикадағы тек ақ аюлар мекен еткен аралда, темір-терсек жинаумен өткізді.

«Роман университетте оқып жүргенде бізден тәжірибеден өтті. Алғыр, білімді жігіт. Жауапкершілігі мол маман. Сол себепті оқуын бітірісімен-ақ біз оны өзімізге шақырып, жұмысқа алдық.

Арктикадағы экологиялық акцияға бұған дейін де қатысқан. Бағдарламаға тағы қатысу үшін екі жылға жуық демалыс алмады. Өйткені экспедиция 30 күнге шақталған. Қатысуға құжатын тапсырып, өтті. Ол жақта бір ай волонтер болып еңбек етті, аралды қоқыстан тазартты. Енді дүйсенбі күні жұмысқа шығады», – дейді «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының директоры Қымбат Мерғалимова.

Роман Гиричев халықаралық экологиялық акцияға Қазақстаннан қатысқан жалғыз волонтер. Арктикаға сапары жайында ол әлеуметтік желіде оқырмандарымен бөлісіп отырды.

Волонтерлер бір ай бойы бүгінде иесіз жатқан аралды темір-терсектен тазартуға көмектесті.

«Үйілген темір-терсек, ауыр техниканың қозғалтқыштары, бөлшектері, цистерналар мен бөшкелер – мұның барлығы Совет заманынан қалған. Яғни өте сапалы істелген. Сондай-ақ оны орнынан қозғалтып, тасу үшін бұзу қажет. Мұның өз қиындығы бар», – деп жазды Роман Гиричев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Вилькицкий аралында 1953 жылы метеостанса құрылған екен. Гидрометеорологиялық қызметтің маманы ретінде бұл Романның қызығушылығын тудырған.

«Метеостансаның аумағында ескі термометрлерді таптым. Оның ішіндегі ең көнесі 1960 жылы шығарылған екен. Әр жерде метеорологиялық жабдықтар шашылып жатыр. Оның ішінде психометрикалық үйшіктер де, жауын-шашын мөлшерін өлшейтін қондырғыға мінуге қажет ағаш басқыштар да бар. Оның барлығы өте жақсы сақталған екен», – дейді Роман Гиричев.

Жастар Арктикадағы аралда бір ай бойы иентернетсіз, телефон байланысынсыз өмір сүрді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp