Көлігінен жолға қоқыс лақтырған
Петропавл тұрғыны көлігінің терезесінен қоқыс тастағаны үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавл тұрғыны көлігінің терезесінен қоқыс тастағаны үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында барлық білім беру нысандарына «Ashyq» жобасы енгізілді. Қазіргі уақытта бұл қосымшаға колледждердің жатақханалары, асханалары, буфеттері, оқу-өндірістік шеберханалары қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавлдағы перинаталдық орталықта жүктіліктің ерте мерзімінде ұрық патологиясын анықтайтын Fish зертхана ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында материалдық жағдайы төмен отбасылардың 9 мыңнан астам баласын мектепке дайындауға көмек қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавл қалалық полиция басқармасына интернет алаяқтық фактісі бойынша бірнеше арыз келіп түскен. Жәбірленушілердің айтуынша, хабарландыру сайтында белгісіз ер адам өзін астаналық кәсіпкермін деп таныстырып, шетелдік көліктің қосалқы бөлшектерін ұсынған. Қызығушылық танытқан адамдардан алдын ала төлем алған соң, ол байланысқа шықпай қойған.
Өңіріміз эпидемиологиялық жағдай бойынша “қызыл аймақта” тұрғанымен кейбір жерлестеріміз санитарлық талаптарды сақтамай отыр. Олар мұның арты өкінішке ұрындыратынын ойламайды. Облыста індет басталғаннан бері мемлекеттік органдардың 160-тан астам өкілі кіретін 24 мониторинг тобы жұмыс істейді. Тексерістер әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында шағын комплектілі алты ауыл мектебі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыста спорт майталманы Алексей Мартыновичты еске алуға арналған республикалық көпкүндік веложарыс өз мәресіне жетті. Дәстүрлі сайысқа 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер мен бойжеткендер қатысты.
Университетте оқып жүргеніме осымен үшінші жыл. Алғашқы кездегідей емес, студенттік өмірдің сырына қанық болып қалғанмын. Жатақхананың аядай ғана бір бөлмесінің өзін әжептәуір баспана санайтынмын. Үстелдің үстіне қажетті кітаптарды қойып, арасынан керегін іріктеп алып, курстық жұмыс жазуға кірістім. Ол уақытта ғаламтор дегенді көбіміз біле бермейтінбіз. Қазір ғой кез келген қажеттіңді сол ғаламтордан тауып аласың. Есік ашылып, …
“Рухани жаңғыру” ұлттық жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жарияланған “Үздік ауыл әкімі” республикалық байқауының бірінші кезеңі аяқталды. Мемлекеттік қызмет істері департаменті ұйымдастырған байқауда жеңіске жеткен Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Лебяжье ауылдық округінің әкімі Шырайлым Омароваға телефон арқылы хабарласып, сұхбаттасудың сәті түсті.
Өңірде “Экологиялық барлау” жобасы бастау алды. Акция аясында облыс орталығында арнайы сенбіліктер ұйымдастырылып, оған қатысушылар жақын маңдағы су қоймаларының жағасында шашылған қоқысты жинайды.
Қыркүйектің 1-нен бастап М.Қозыбаев атындағы СҚУ-де қашықтан оқитын студенттер үшін біржылдық оқу құнының ең төменгі мөлшері 270 мың теңгені құрайтын болады. Бұған дейін 145 мың теңге төлеп келген. Оқуын дәстүрлі форматта жалғастыратындардың төлем құны да 395 мың теңгеден 445 мың теңгеге жетті. Медициналық мамандықтарға түсетіндер 740 мың теңгені шытырлатып санап береді. Магистранттар мен докторанттардың оқу …
Шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби: “Мемлекет те адам сияқты өз өмірінде екі табалдырықтан аттайды. Біріншісі – өмірге келуі, екіншісі – ересек өмірге қадам басуы. Осы кезеңдердің әрқайсысы қайталанбайтын әрі қымбат кезең болып саналады”, – деген екен. Бүгінде біздің мемлекет бірінші қадамды сәтті жасап, екінші табалдырықты аттау үстінде. Тәуелсіздік ұлтымыздың ұлы мұраттарын оятты. Ол – ұлттық …
Облыста 22 тамыз күні 159 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Науқастардың 87 пайызында ауру белгілері бар.
“Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 50-ден астам тауар түрін шығарады. Олардың қатарында пластмассадан жасалған тұрмыстық заттар, жүгері таяқшалары және тез дайындалатын кеспе тағамдары бар. Биыл кәсіпорын жаңа істі қолға алып, қағаз өнімдерін әзірлейтін фабрика тұрғызбақ.
Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеневтің ескерткіші ашылды. Ел мен жердің тұтастығын сақтап қалуға өлшеусіз үлес қосқан тау тұлғаның мүсіні Нұр-Сұлтан қаласындағы Әскери-тарихи музей жанындағы алаңға қойылды. Қазақтың қайсар ұлына ескерткіш қойылуына қызылжарлықтардың да қосқан үлесі орасан. 2019 жылы Петропавл қаласында тұратын Жақсылық Ысқақов, Болат Сағындықов, Зейнолла Олжабаев, Таңат Сүгірбаев, Амангелді …
Биыл Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толады. Егемендікке қол жеткізіп, ядролық сынаққа тыйым салу арқылы еліміз әлемдік антиядролық қозғалыстың көшбасшысына айналды. Осы айтулы оқиға Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен “дөңгелек үстел” отырысында әңгіме өзегіне айналды.
С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада Иван Шуховтың 115 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өтті. Шара барысында аға ұрпақ өкілдері жазушы туралы естеліктерімен бөлісті.
Кеңестік дәуірде қазақ музыка мәдениетінің өсіп-дамуы Латиф Хамидидің есімімен, өнерпаздық қызметімен тығыз байланысты болды. Биыл Қазақстанның кәсіби музыка мәдениетінің негізін қалаушылардың қатарында тұрған композитордың дүниеге келгеніне 115 жыл толып отыр. Жерлесіміз Сәбит Мұқановтың сөзіне жазған туындысы – қазақ музыкасындағы тұңғыш вальс саналады. Аталмыш ән туралы айтпас бұрын оқырманға Латиф Хамидидің өмірі мен шығармашылығын таныстыра кеткен …