АБЫЛАЙДЫҢ ЖОЛЫМЕН
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Абылай ханның туғанына 310 жыл толуына орай “Абылай ханның қара жолы” экспедициясы ұйымдастырылды. Экспедицияның басты мақсаты – үш жүздің басын қосқан ханның мұрасын зерттеу. Экспедицияға біздің өңір мен Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан және Кентау қалаларынан тарихшылар, журналистер, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, Абылай ханның ұрпақтары қатысты. Соның ішінде “Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінің …