Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметіне қарағанда, қыркүйектің 3-не дейін астықтың 45,8 пайызы орылды. Жалпы аумағы 1 миллион 371 мың гектар алқаптың егіні дестеге жығылған. Гектар берекелілігі 10,5 центнерден айналуда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 центнерге төмен. Мамандардың айтуынша, астық түсімінің төмендеуіне биылғы қуаңшылық себеп болып отыр.
– Бүгінге дейін қамбаға 1 миллион 439 мың тонна бидай құйылды. Қазір диқандар астықты жауын-шашынға ұрындырмай жинап алу үшін бар күштерін жұмсауда, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Шақубаев.
Сағындық МАУҒАЗИН,
“Soltüstіk Qazaqstan”.