«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Комаға түскен ер адам жабық пәтерде қалып қойған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда құтқарушылар комаға түсіп, жабық пәтерде жалғыз қалып қойған ер адамға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқару қызметінің 112 телефон нөміріне Петропавл тұрғыны хабарласып, пәтеріне кіре алмай қалғанын айтқан.

Сөзіне қарағанда, әйел К.Сүтішев көшесіндегі көп қабатты үйдің төртінші қабатында тұрады. Пәтерде ауырып жатқан күйеуі бар. Ол жұмыстарымен біраз уақытқа шығып кетіп, қайтып келгенде есікті аша алмаған. Есік іштен жабылған, ешкім жауап бермей, тек ауыр тыныс алу естілген.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар темір есіктің оңайлықпен ашылмайтынын түсініп, уақытты жоғалтпай пәтерге терезе арқылы кіруге шешім қабылдады. Мамандар өрмелеу құралдарын пайдалана отыра, көрші балкон арқылы пәтерге терезеден кірді. Сол жерде ес-түссіз, болжам бойынша комада жатқан 1970 жылы туған үй иесін тапты.

Ер адамға жедел көмек көрсетілді, құтқарушылар оны зембілмен үйдің ауласына апаруға көмектесті, ол жерден жедел жәрдем бригадасы алып кетті.

«Біз уақытында үлгердік, көмектестік, үй иесі ер адам үшін бәрі жақсы аяқталады деп сенейік. Біз үшін бұл үйреншікті нәрсе, мұндай жағдайлар жиі болып тұрады», – дейді құтқару бөлімінің бастығы Нұрболат Айсин.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp