«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жатақхана жетпей жатыр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңа оқу жылы бастала М.Қо­зыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде тағы да шу шықты. Өңіріміздегі жалғыз жоғары оқу орнының оқу ақысын қымбаттатуы ешкімді қуанта қоймаған. Енді үш жүзден астам студенттің жатақханасыз қалуы онсыз да жүдеу көңілді тіпті жабырқатып жіберді. Оған облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының әлі бәсеңси қоймаған коронавирустық жағдайға байланысты жатақхана бөлмелерінде тұратындардың санын төрттен екіге дейін азайту туралы шешімі себеп болыпты. Яғни 1512 жатын орынға 756 студент қана қоныстана алады екен. Биыл бірінші курсқа 1500-ге жуық студент қабылданған. Университет басшылығының айтуынша студенттерді толықтай жатын орынмен қамтамасыз ету мүмкін емес. Жатақханаларға орналастыру басымдығы грантқа түскен бірінші курс студенттеріне, одан кейін мүгедектер мен жетімдерге, сосын қалғандарына беріледі.

Бұған дейін 18 шаршы метр бөлмеде 4 студент емін-еркін тұрып келдік. Енді екі адамнан артық тұруға болмайды деген талап қойып отыр. Ақылға сыймайды. Мектептерді алайықшы, әр сы­ныпта 15-25 оқушыға дейін бар. Біз де аудиторияда бірге отырып, дәріс тыңдаймыз. Ауру жұқса сонда жұғады ғой. Биыл соңғы курстамыз. Алдымызда мемлекеттік емтихан, диплом қорғау сияқты сынақтар тұр. Риэлторлар осы бір аласапыран сәтті бас пайдаларына жаратып, бағаны күрт көтеріп жіберді. Екі бөлмелі пәтердің бір айға бағасы – 75-110 мың, үш бөлмелісі 90-130 мың теңге аралығында. Қалада туысымыз бол­са, амалдар едік, ондай мүмкіндігіміз жоқ, – дейді түркістандық Алмасбек есімді студент.

Ата-аналар жағымсыз хабарды жаңа оқу жылының басталуына бірнеше күн қалғанда ғана онлайн-жиналыста естігендерін, ертерек ескертпегендерін айтады.

Университет басшылығының студенттердің бірігіп, пәтер жалдау жайлы “ақылы” тығырықтан шығудың жолы емес. Аяғымыздан тозып, пәтер іздеп, сандалып жүрміз. Баспаналардың бәрін риэлторлар иеленіп алған, дүниенің құнын сұрайды. Студенттердің арасында ақы төлеп оқитындары, аз қамтылған отбасылардан шыққандары да бар, – деген олардың реніштеріне оқу орны басшыларының: “Барлық мүмкіндік қарастырылып жатыр. Ешкім далада қалмайды. Қонақ үйлерден, хостелдерден орындар табылды. Қалғандары колледж жатақханаларына орналастырылады”, – деген жауап алдық.

Осы жерде университет өңірдегі коронавирустық ахуалды ескеріп, неге ертерек қамданбаған деген сұрақ туындайды. Күні бұрын дайындық шаралары неге жүр­гізілмеген? Көптеген студенттердің аудандардан, басқа өңірлерден келетіні де назарға алынбаған сияқты.

Өмір ЕСҚАЛИ,

Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp