Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Светлана Логвиненко мен “Туған жер” ансамблінің шығармашылық кеші өтті.
Бұл – жаңа концерттік маусым ашылғалы өтіп отырған екінші кеш. Филармония ұжымы тұрғындардың назарына махаббат тақырыбындағы әндерден шашу шашты. Концерттік бағдарлмамада “Қызылжар” тобы, “Туған жер” би ансамблдері мен “Sensitive” би театры және Мәдениет саласының үздігі Елена Уварова өнер көрсетті.
Кеш қонақтары солист Светлана Логвиненконың орындауындағы “Любовь моя вселенная”, “Заря”, “Итальянская со скрипкой”, “Волга реченька”, “Дежавю”, “Цунами или любовь”, “Музыка моей любви” атты әндерді зор ықыласпен тыңдап, қол шапалақтап, құрмет көрсетті.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.