«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Халықаралық стандарт енгізілмек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері үшін “бармақ басты, көз қысты” әрекеттің алдын алуға арналған семинар-кеңес ұйымдастырылды. Семинар-кеңеске қызметкерлерінің саны 400-ден асатын өңірдегі ірі кәсіпорындардың басшылары мен комплаенс офицерлері қатысты.

Көптің талқысына түскен мәселе – квазимемлекеттік секторға ISO: 37001 халықаралық стандартын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын енгізу. Сондай-ақ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алдағы жұмыс жоспарлары қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің айтуынша, өткізілетін іс-шаралардың сандық көрсеткіші маңызды емес, оның сапалы орындалуына көшу қажет. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет стандартты енгізуде әдістемелік қолдау көрсетеді.

Қазіргі уақытта комплаенс-қызмет облыстағы квазимемлекеттік сектордың 61 ұйымында енгізілді. Кеңеске “Protecting Business and Investments” жобасына қатысатын бизнес өкілдері шақырылып, жаман әдетті болдырмау бойынша атқарылған жұмыстың нәтижелерімен бөлісті.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp