«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.09.2021

ӨРЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖЫЛЫ

2006 жылы экономикалық, саяси және мәдени дамуда, азаматтардың материалдық және рухани өмір сапасын арттыруда, мемлекеттің әлемдік беделін арттыруда Қазақстан орасан зор көрсеткіштерге қол жеткізді. Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекетке айналды десе де болады.

Тұрғындар қауіпсіздігі қашан да маңызды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан хал­қы­на арнаған жаңа Жолдауында барлық салаларды дамытуға ба­ғытталған жаңашылдықтар мен негізгі міндеттер айқын­дал­ды. Тәуелсіздіктің жетістіктері ретінде бейбіт өмір мен қо­ғамдағы тұрақтылық, халықтың тұрмыс сапасының жақса­руы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы ерекше атап өтілді.

Ел болашағы — білімді ұрпақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан хал­қына арнаған “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өр­кен­деуінің берік негізі” атты Жолдауында бүкіл әлемді алаң­датып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабын айта келе, еліміздің әлеу­меттік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұ­мыс орындарын сақтауға, халқымыздың денсаулығын сақтауға басты назар аударды.

Ұлттық байқау жеңімпазы

“Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Оған еліміз бойынша жеңіске жеткен 17 отбасы онлайн түрде қатысты.

ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР АЗАЮДА

Пандемия басталғалы өңірімізде коронавирус инфекциясын 23052 адам жұқтырды. Қыркүйектің 10-ы күні облыста 72 тұрғынның қауіпті дертке шалдыққаны белгілі болды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Ардагерлер – алтын тұғыр

Облыстық әкімдікте өңірлік ардагерлер кеңесінің VIII есеп беру конференциясы өтті. Бес жыл сайын ұйымдастырылатын бұл шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Қоғамдық ұйымның жергілікті филиалына 563 бастауыш, 14 аудандық және қалалық ардагерлер кеңесі мен 61 тұрақты комиссия кіреді. Алқалы жиында сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов атқарылған жұмыстарға тоқталды.

БАҒЫТЫМЫЗ АЙҚЫН, МАҚСАТЫМЫЗ АНЫҚ

Облыс активі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” Жолдауын талқылап, жүзеге асыру жайын ақылдасты. Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, ірі агроқұрылымдар мен кәсіпорындардың жетекшілері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Алқалы басқосуды кіріспе сөзбен ашқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов маңызды құжатта …

БАҒЫТЫМЫЗ АЙҚЫН, МАҚСАТЫМЫЗ АНЫҚ Read More »

ҚОС МАЙДАНГЕРГЕ – МЕМОРИАЛДЫҚ ТАҚТА

Уәлиханов аудандық соты ғимаратының алаңында Екінші дүниежүзілік соғыстың және сот жүйесінің ардагерлері Тақау Сейітов пен Хамит Ысқақовқа арналған мемориалдық тақта ашылды.

АУЫЛЫҢА КІТАП СЫЙЛА!

“Ауылыма кітап” республикалық қайырымдылық акциясы аясында шалғайдағы елді мекендердегі білім ордаларына балаларға арналған әдебиеттер тапсырылуда. Бұл игі шараға үн қатқан “Жол активтері ұлттық сапа орталығы” РМК-ның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы Есіл ауданындағы Мектеп ауылының оқушыларына кітаптар сыйлады.

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ШАҢЫРАҚ

Адам баласы өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек деген қағида бар. Бірі – мамандық, екін­шісі – өмірлік жар таңдауға қатысты. Петропавл қаласының тұрғыны Жамбыл Жүсіповтің екеуінде де жолы болған. Ол қазір Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті ЕС 164/6 мекемесі басшысының кезекші көмекшісі қызметін атқарады. Зайыбы Сымбат Жүсіпова да құқық қорғау органдарында еңбек …

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ШАҢЫРАҚ Read More »

Үздіктерге құрмет

Облыстық төтенше жағдай­лар департаментінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Ведомство басшысы Рамиль Камалов кіріспе сөзінде түрлі табиғи апаттарды, қауіп-қатерлерді жоюдың, алдын алудың маңыздылығына, оған қарсы күреске жеке құрамның сақадай-сай әзір екеніне тоқталды. Бұдан кейін жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, қызметтерін адал атқарып жүрген бір топ өртсөндірушіге құрмет көрсетілді.

Ит тойған жеріне…

Тәрбие солай болды ма, біздің буынды әке-шешелеріміз иман­дылыққа, елжандылыққа, отан­сүйгіштікке тәрбиеледі. Шетте жүр­сек туған жерімізді, сол жақтың адамдарын мақтан тұтып, айтып жүретінбіз. Біз үшін кіндік кесіп, кір жуған жеріміздің еңбектеген сәбиі­нен еңкейген қартына дейін үлгі еді ғой, шіркін! Қазір мұндай үрдіс қа­лып барады. Соған қарағанда тәр­биеден олқылық кетіп жатыр ма деп ойлаймын.

“ТАҢДАУЫМЫЗ – ТЕРІСКЕЙ”

Қоғам белсендісі Бурахан Дақанов түрлі бастамалар көтеріп, өз ісімен көпке үлгі болып жүр. Жақында Шал ақын ауданы Сергеевка қаласына қоныс аударды. Жалғыз келмей, өзімен бірге он шақты отбасын ала келді. Тілшіміз таңдаулары теріскейге түскен отбасыларды жаңа қоныстарымен құттықтап, бастамашыл азаматпен сұхбат құрған еді.