«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысына тұмауға қарсы 60 мың вакцина түсті, 15 қыркүйектен бастап егу науқаны басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, облысқа биыл да тұмауға қарсы қолданылған ресейлік инактивтелген «Гриппол-Плюс» вакцинасы жеткізілді.

Вакцинада алдағы маусымға қарсы штаммдар бар.

Биыл тұмауға қарсы екпемен республика халқының шамамен 11% -ын қамту жоспарланған, ДДҰ ұсынған көрсеткіш кемінде 10 %.

«Тұмауға қарсы профилактикалық егу тәуекел топтарына жататындарға тегін жасалады. Олар: медицина мамандары, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар, балалар үйінің, нәрестелер үйінің балалары, қарттар үйінің тұрғындары, созылмалы аурулармен есепте тұрған эпидемиологиялық көрсеткіштерге байланысты жұқтыру қаупі жоғары адамдар. Сонымен қатар, вакцинация жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке қаражаты есебінен жүргізіледі. Тұмауға қарсы ақылы екпе тұрғылықты жері бойынша емханалардың екпе кабинеттерінде жүргізіледі», – дейді Әсет Жұматаев.

Қазақстанда ресейлік «Гриппол-Плюс» вакцинасынан басқа тағы үш өндірушінің тұмауға қарсы вакциналары тіркелді. Олар – «Ваксигрип Тетра» (Франция), «Инфлювак» (Нидерланды) және Синовак Биотек (Қытай).

«Маусымдық тұмауда дене қызуы кенеттен көтеріліп, жөтел, бас ауруы, бұлшықеттер мен буындардың ауыруы, қатты әлсіздік, тамақтың ауруы пайда болады, мұрыннан ағады. Жөтел 2 апта немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Көптеген адамдарда симптомдары медициналық көмексіз бір апта ішінде жойылады. Бірақ тәуекел топтарына жататын адамдарда тұмау ауыр өтіп, тіпті өлімге әкелуі мүмкін», – дейді Әсет Жұматаев.

Тұмау мен жедел-респираторлық вирустық инфекцияның алдын алудың жолдары – масканы дұрыс кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, қолды үнемі жуу.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірге тұмауға қарсы 60 мың доза вакцина түсті. Ол емдеу мекемелері арасында бөлініп жатыр.

Екпені жергілікті емханалардың егу кабинеттерінде қойғызуға болады.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp