«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Науқастарға жедел көмек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Науқастарға көмек көрсететін медициналық ұйымдардың жанынан “COVID-19” инфекциясын жұқтырғандарды амбулаторлық бақылау бойынша мобильді топтар құрылды.

Медициналық ұйымдағы бір мобильді топ емханаға тіркелген кемі 5 мың тұрғынға қыз­мет көрсетуі тиіс. Республика бойынша жар­ты жылдың ішінде мобильді бригадалар 1 мил­лионнан астам шақыртуға шықты. 2021 жыл­дың бірінші жартыжылдығында әлеу­меттік медициналық сақтандыру қоры мо­бильді бригадалардың шақыртуларға шы­ғуы үшін 7,3 млрд. теңге төледі. Соның ішін­дегі міндетті әлеуметтік-медициналық сақ­тан­дыру бойынша 6,8 млрд. теңге, тегін ме­ди­ци­налық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша 0,5 млрд. теңгені құрады.

Мобильді топтар жіті респираторлық ауру белгілері бар және “COVID-19”-ға күдікті, атал­мыш инфекция бойынша үйде оқшау­ланған отбасы мүшелеріне кеңес беру, (оның ішінде аудио-бейне), аурудың орташа ауыр, ауыр түріне шалдыққан және стацио­нардан амбулаториялық емдеу кезеңіне шы­ғарыл­ған науқастарға ақыл-кеңес беру (үйде оқ­шаулауды сақтау бойынша нұсқама), ПТР сы­намасын алу, дәрі-дәрмектерді тағайын­дау мен өзге де қызмет түрлерін көрсетеді. Мо­бильді топқа терапевт, педиатр, жалпы тә­жі­рибе дәрігері, учаскелік медбике, фельд­шер, акушер, әлеуметтік қызметкер кіреді. Мо­бильді топтың құрамы науқастың жағда­йы мен аурудың сипатына байла­нысты болады.

Мобильді бригада өзінің медициналық ұйы­­мына тіркелген тұрғындардың ғана ша­қыру­ларына бара алады. Мобильді топтың жұмыс уақыты таңғы 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp