ҚАУІПТІҢ БЕТІ ҚАЙТҚАН ЖОҚ
Өңірде 12 қыркүйекте 73 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Науқастардың денінде ауру белгісі бар.
Өңірде 12 қыркүйекте 73 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Науқастардың денінде ауру белгісі бар.
Облыс аумағында қазіргі уақытта 7172 азаматтың қолында рұқсат етілген 12 145 қару бар. Жазатайым оқиғаларға жол бермеу, сондай-ақ қаруды ұрлауды және оны одан әрі қылмыстық мақсатта пайдалануды азайту мақсатында тәртіп сақшылары қарудың дұрыс сақталуын жүйелі түрде тексереді. Жуырда “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Румынияның Констанца қаласында халықаралық этникалық мәдениет фестивалі аясында қазақ күресінен “World Cup – 2021” додасы өтті. Бәсекелі жарысқа әлемнің 21 елінен 128 балуан қатысты.
Францияның Ницца қаласында “Ironman 70.3” жарысы өтті. Аталмыш сайысқа жерлесіміз, “Астана” велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров қатысып, топ жарды.
“Жақсының төңірегі нұр болады, Әр сөзі естен кетпес сыр болады”, – деп ақындар жырына арқау еткендей, жақсы адам әрқашан айналасына мейіріммен қарап, Күн нұрындай шуақ шашады. Адамгершіліктің алтын қағидасынан айнымаған, жан-жағын көркем мінезімен баураған жақсы адам кім десе, Қымбат Исманованы айтар едім. Өңірімізге белгілі қарт ұстаз, оқу-ағарту ісінің үздігі Қымбат Есмұқанқызының өмір жолы өнегелі. Саналы …
Қазір 1980 жылдардың аяғы, 1990 жылдардың басы барлық жағынан ерекше кезең болды деп сенімді түрде айта аламыз. Әдеттегі саяси және өмірлік ұстанымдар тез құлдырады, коммунистік партия биліктен айырылды. Горбачевтік қайта құрылымдарға қарамастан, жоспарланған экономика құлдырады. Өндірістің апатты түрде қысқаруы, ақша айналымы жүйесінің құлдырауы сөзсіз халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуіне, кедейлік пен тапшылыққа әкелді. Кеңестік …
МЫҚТЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ: АДАМДАР ЕЛБАСЫНА СЕНДІ Read More »
“СевКазЭнерго” АҚ-на қарасты құрылымдар инвестициялық жобаларды жүзеге асыра отырып, жылу және электр жүйелерін жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. Энергетиктер бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз турын өткізіп, журналистерді атқарылып жатқан іс-шаралармен және қысқа әзірлік барысымен таныстырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты халыққа арнаған Жолдауын асықпай оқып шығып, ой елегінен өткізген соң алған әсерлерімді өзімнің сүйікті газетім арқылы оқырмандармен бөліскенді жөн көрдім. Біле білгенге, тарихи құжаттың жаңалықтары көп. Ең бастысы, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында жариялануымен қоса пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық …
“Біздің депутат” республикалық қоғамдық-саяси газеті 2021 жылдың қорытындысы бойынша үздіктерді анықтады. Республика бойынша “Үзік мәслихат хатшысы” аталымында Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Владимир Бубенко жеңімпаз деп танылды. Ол түрлі деңгейдегі 225 мәслихат хатшысының ішінде үздік атанды.
С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Естелік пен бейбітшілік жолдарымен” халықаралық жобасының экспедиция мүшелері жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Ойлап қарасам, біздің күнделікті тіршілігіміз “алло”-мен басталады екен. Өйткені заманның адамдарға ең керекті деп “сыйға тартқан” ұялы телефонынсыз еш тірлігіміз бітпейтін сияқты. Таңнан басталған “алло” көзіміз ұйқыға кеткенше құлағымыздан кетпейді. Бірақ біз неге осы бір сөзді “алло” деп атауға сонша құштармыз?
Ислам діні иман сенімнен, ізгі амалдар жасаудан және жан дүниенің тазалығынан тұрады. Исламда сенім мәселелерін зерттейтін ғылым саласы – ақида, кәлам, усуладдин деген атаулармен аталады. Сенім турасында алғаш қалам тербеген салаф ғалымдардың ұстазы, біздің мазхаб иесі Абу Ханифа (р.а) еді. Ал енді амалдарды реттейтін білім саласы дінде “фиқһ” атауымен танымал. Оған намаз, ораза, қажылық, зекет …
Өнер – адам бойындағы ерекше қабілет. Кез келген адам өнерпаз бола алмайды. Шынайы талант қана тасты жарып шығатын таудың жусаны сияқты жарқ етіп көрінеді. Алайда шығармашылықты шыңдау, бойдағы қабілетті дамыту да үлкен еңбекті қажет етеді. Өнерге құштар, үнемі шығармашылық ізденісте жүретін дарынды жастың бірі – Наурызбай Рүстемовтің еңбекқорлығы көпке үлгі.
Патрульдік полиция батальонының қызметкері Александр Авдонин – қазақ тілін жетік біледі. Жақында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты шарада өңір басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Петропавлда волонтерлер көпқабатты тұрғын үйлерді басқаруда жиі кездесетін кемшіліктерді анықтады. Сондай-ақ тұрғындардың арасында сауалнама жүргізіп, үздік кооперативтердің рейтингісін шығарды. Бұл “Пәтер иелері кооперативтері жұмысында қоғамдық бақылауды дамыту” жобасы аясында жүзеге асырылды.
Облыс орталығында “Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” атты аймақтық жас ақындар айтысы өтті. Ана тіліміздің мәртебесін көтеру, жас ақындарды шабыттандыру мақсатында өткен сөз сайысына 8 ақын қатысты. Соның төртеуі – қызылжарлық, қалғаны Көкшетаудан.
Еврей ұлтының өкілдері бүгінде әлемнің барлық мемлекетінде тұрады. Олардың Қазақстандағы саны төрт мыңға жуық. Алдағы ұлттық халық санағы бұл көрсеткішті барынша нақтылайтын болады. Қазақстан аумағын 1867 жылдан қоныстана бастаған. Одан кейін Сталиндік қуғын-сүргін кезінде КСРО-ның түкпір-түкпірінен мыңдаған еврей еңбек лагерлеріне жіберілді. Яғни 1941-1945 жылдары еврей этносының едәуір бөлігі Қазақстан аумағына еріксіз көшірілді. Жер аударылғандардың арасында …
Петропавл тұрғыны, спорт ардагері Бауыржан Құлжанов үйінің жанынан спортшыларға арналған аллея ашса, енді музей салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавлда екі жеңіл көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасында зардап шеккен жүргізушіге құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.