«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жас дарындар жарқылы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында “Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” атты аймақтық жас ақындар айтысы өтті. Ана тіліміздің мәр­тебесін көтеру, жас ақындарды шабыттандыру мақсатында өткен сөз сайысына 8 ақын қатысты. Соның төртеуі – қызылжарлық, қалғаны Көкшетаудан.

– Әлемді бір тарының қауызына сыйдырған қауіпті індеттің кесірінен мәдени шаралар, соның ішінде ақындар айтысы біраз уақыт кейінге шегерілді. Жас дарындардың шығармашылығын шыңдау үшін осындай айтыстар жиі ұйымдастырылуы керек деп ойлаймын. Бұл орайда, біздерге қолдау білдірген қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне алғысымыз зор. Ал бәйгеге ұмтылған жастар бұл додаға жақсы дайындықпен қатысты, – дей келе Ерік Асқаров атындағы облыстық ақындар мектебінің жетекшісі, айтыстың жүргізушісі Жарқын Жұпархан бас жүлдені жеңіп алған көкшетаулық Нұрмахан Жақыпбектің өнері қазылар алқасының көңілінен шыққанын атап өтті. Түркістандық жас дарын бүгінде Көкшетаудағы Көкен Шәкеев атындағы жас ақындар мектебінің шәкірті. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курсында оқитын ақынның болашағынан жер­лестері зор үміт күтеді. Ал бірінші және екінші орындар жерлестеріміз Ақтілек Қайымхан мен Диас Аяғанға бұйырды. Үшінші орынды көкшетаулық Абзал Жұмабек алды. Барлық ақындар арнайы жүлдемен марапатталып, жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болды.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp