«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Біздің депутат” республикалық қоғамдық-саяси газеті 2021 жылдың қорытындысы бойынша үздіктерді анықтады. Республика бойынша “Үзік мәслихат хатшысы” аталымында Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Владимир Бубенко жеңімпаз деп танылды. Ол түрлі деңгейдегі 225 мәслихат хатшысының ішінде үздік атанды.

Депутаттық мандатқа ие 3500 халық қалаулысының арасында 900-ге жуығы облыс және қала депутаттары болып табылады. Солардың ішінен биыл 32 депутат үздік атанып отыр. Олардың жиырмасы облыстық, ал он екісі қалалық мәслихат депутаттарының ішінен іріктеліп алынды. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Ерлан Алпысов еліміз бойынша үздік халық қалаулыларының қатарынан көрінді.

Еңбек жолын жүргізушіліктен бастаған ол бүгіндері Тайынша ауданындағы “Алабота” асылтұқымды мал зауыты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарып отыр. Осы жылдар ішінде серіктестік егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытып, ауылдың көптеген әлеуметтік мәселелерін шешті. Сайлаушыларының аманатын адал атқарып жүрген Ерлан Алпысов қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады.

Мәслихат депутаттары қоғамдық жұмыстары үшін жалақы алмайды. Соған қарамастан әрбір мәслихат депутаты қоғамға қызмет етуді міндеті санайды. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, қайырымдылық шараларын өткізген үздік депутаттар мәслихат сессиясының кезекті отырысында марапатталатын болады.

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp