«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.09.2021

Сатып алудағы ашықтық

Елімізде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сыбайлас жем­қор­лық тәуекелдерін төмендету, мемлекеттік сатып алуға қаты­су­шылардың жауапкершілігін арт­ты­ру әлі жетілдіруді қажет етеді. Қазіргі экономикалық жағдайда мемлекеттік сатып алу жүйесінде экономиканы сауықтыру, қаржы­лық ресурстарды басқару проце­сінің алатын орны айрықша. Бы­лайша айтқанда, экономикалық реттеуде, оны тұрақтандыруда материалдық, еңбек ресурстық, ғылыми және өнеркәсіптік әле­ует­терді шоғырландырудағы рөлі зор. Осы себепті жыл өткен …

Сатып алудағы ашықтық Read More »

ШЕҢБЕР

Ойын бастаушы шеңбер сызып, оның ортасына асықтарды тігеді де, өзі 2-3 метр қашықтықта тұрып, сақасымен атады. Кім асықтарды шеңбердің сыртына көп шығарса, сол бала ұтқан болып есептеледі.

Торғай нешеу?

Талдан ұшты топ торғай, Емес бірақ көп торғай. Алдында оның бастаушы, Артында оның қостаушы.

Жыл мезгілдері

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ Жайықтың жағасын­да еліне елеулі, халқына қалаулы бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт қыз бар екен. Олар өте сұлу болыпты.

СЫРЛЫ ӘЛЕМ

Дильназ Төлегенова Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 7 “ә”-сыныбында оқиды. Оқудан қолы босаған уақытын сурет салуға пайдаланады.

ТМД ОЙЫНДАРЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Ресейдің Қазан қаласында ТМД елдерінің ойындарында сол­түстікқазақстандықтар жүлдегер атанды. Байрақты бәсеке 13 спорт түрінен ұйымдастырылып, 15 мем­лекеттен 1500-ден астам спортшы қатысты. Тай боксынан ел қоржы­нына 1 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль түсті. Жүлденің 4-уі жерлестеріміздің еншісінде.

ОРМАН ЖАНАШЫРЛАРЫ

“Достық” балалар сауықтыру лагерiнiң аумағында орман жанашырларының облыстық слет-байқауы өтті.

Ақыл – жастан

Этномәдени бірлестіктерінің жас­тар өкілдері “Парасатты­лық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құ­рамдас бөлігі” де­ген тақырыпта дебат ұйымдастырып, “Император” және “Қазақстанның болашағы үшін” командалары өзара сайысқа түсті.

ӘУЕЗДІ КЕШ

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Қасым Аманжоловтың туғанына – 110 жыл толуына, Мұқағали Мақатаевтың 90, Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдығына арналған “Сәби болғым келеді” атты ән кеші өтті.

АБЫРОЙЛЫ БОРЫШ

Қыркүйек айында күзгі әскерге шақырту науқаны басталды. Нау­қан желтоқсан айына дейін жал­ғасады. Өңірімізде жыл сайын әскери парызын өтеуге құштар жас­тардың саны артуда. Күзгі нау­қанда 18 бен 27 жас аралығындағы 550 теріскейлік Қарулы Күштер қатарына қосылмақ. Олар бір жыл бойы темірдей тәртіп пен әскери дағдыға үйренеді. Әскер­ге шақырту алған сарбаздардың алғашқы легі 17-ші қыркүйекте жолға шығады. …

АБЫРОЙЛЫ БОРЫШ Read More »

АЛТЫН КҮННІҢ ШУАҒЫ

Тәуелсіздіктің әр сәті қымбат, әр күні қастерлі. Сондықтан да егемендікті еншілегеннен бастап оның әр сағатын, тіпті минутын жасампаз істер арқылы жарқырата, жайната түсуге талпынып келеміз. Бұл ретте 2007 жылдың ел тарихында алатын орны ерекше. Азаттықтың рухы әр жүректе берік орныға бастады, жас ұрпақтың санасында жаңғырды, бейнелеп айтатын болсақ, қалың қазақтың көркіне айналды, жер-жерлерде атқарылып жатқан …

АЛТЫН КҮННІҢ ШУАҒЫ Read More »

Диқандарға демеу

Ауыл шаруашылығы саласы қай елде болмасын мемлекеттің қолдауына зәру. Тіпті, дамыған елдердің өзінде тауар өндірушілерге демеуқаржы бөлініп, қуаңшылыққа ұрынған, не басқа да табиғи апатқа тап болған жағдайда сақтандыру қоры арқылы өтемақы төленеді. Әр елде қабылданған бағдарлама әртүрлі болғанымен, бәрі елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сапалы өнім өндіруге бағытталған. Қазақстанда диқандарға жыл сайын миллиардтаған қаржы бөлініп, …

Диқандарға демеу Read More »

Сақтық ескерілген

Оқу жылының басталуына орай облыс орталығындағы студенттер тұратын жатақханаларға мониторинг жүргізілді. “Jas Otan” жастар қанатының жергілікті филиалы жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларын тексерді.

Аудан тынысымен танысты

Облыстық мәслихаттың жанында жұмыс істейтін тұрақты комиссияның кезекті көшпелі отырысы Жамбыл ауданында өтті. Комиссия төрағасы Еркебұлан Мәмбетов бастаған халық қалаулылары жұмыс сапарын егін жинау жұмыстарының барысымен танысудан бастады.

Ауру екі есе азайды

Қазақстан Репсубликасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында “Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы” баспасөз конференциясы өтті.

МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫ ҚАНАТТАНДЫРАДЫ

“Даму” қорының аймақтық филиалының ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрген кәсіпорындарға баспасөз туры ұйымдастырылды. Қордың өңірлік филиалының директоры Мереке Сыздыков қаржылай қолдау шаралары туралы айтып берді.

КӨНЕ АТАУЛАРДАН ҚҰТЫЛАР КҮН ЖАҚЫН

Ел Тәуелсіздігіне биыл 30 жыл толады. Осы сындарлы жылдарда халық игілігі үшін көптеген игі істер атқарылды. Дегенмен, ширек ғасырдан аса уақыт өтсе де, әлі біржақтылы шешімін таппаған дүниелер баршылық. Солардың бірін тілге тиек етер болсақ, кей елді мекендер мен ондағы көшелердің әлі күнге дейін кеңес кезіндегі атаудан арыла алмай келе жатқаны қынжылтады.