«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сатып алудағы ашықтық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сыбайлас жем­қор­лық тәуекелдерін төмендету, мемлекеттік сатып алуға қаты­су­шылардың жауапкершілігін арт­ты­ру әлі жетілдіруді қажет етеді. Қазіргі экономикалық жағдайда мемлекеттік сатып алу жүйесінде экономиканы сауықтыру, қаржы­лық ресурстарды басқару проце­сінің алатын орны айрықша. Бы­лайша айтқанда, экономикалық реттеуде, оны тұрақтандыруда материалдық, еңбек ресурстық, ғылыми және өнеркәсіптік әле­ует­терді шоғырландырудағы рөлі зор. Осы себепті жыл өткен са­йын конкурс талаптары барынша жеңілдетіліп, өткізу кезеңдерін қысқартуға, сондай-ақ тапсырыс беруші тарапынан ықтимал теріс әрекеттерді болдырмауға барын­ша назар аударылып отыр.

Мемлекеттік сатып алу шара­ларын жетілдіру, сатып алу про­цестерінің ашықтығы мен қолже­тімділігін қамтамасыз ету жөнін­де­гі жаңа тетіктерді Қаржы ми­нистрлігі жанындағы мемлекеттік сатып алудың орталықтанды­рыл­ған органы жүзеге асырып, құ­қықтық және техникалық, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу веб-пор­талына қолжетімділікті қамта­ма­сыз етеді. Мұның өзі орталық­тан­дырылған сатып алу рәсімде­рі­нің қолжетімділігімен қатар сы­байлас жемқорлық қылмыстарын азайтуға, “бармақ басты, көз қыс­ты” әрекеттерді болдырмауға, тап­сырыс беруші мен сатып алу ісіне бақылауды күшейтуге мүм­кіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу жүйесі­нің ашықтығын одан әрі арттыру және жетілдіру жөнінде атқарыл­ған жүйелі жұмыстардың арқа­сын­да биыл 14 автомобиль көлі­гін жалға алу, 25 әкімшілік ғима­ратқа қызмет көрсету, 19 нысан­ды күзету келісімшарттары жа­са­лып, нәтижесінде 29 299,7 мың теңге үнемделді. 826,6 мың теңгеге жылыту қазан­дығы, өрт сөндіру, кондиционер құралдары сатып алынды.

Дамир ТЕМІРҒАЛИ,

мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемлекеттік сатып алу және активтерді басқару бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp