Қыркүйек айында күзгі әскерге шақырту науқаны басталды. Науқан желтоқсан айына дейін жалғасады. Өңірімізде жыл сайын әскери парызын өтеуге құштар жастардың саны артуда. Күзгі науқанда 18 бен 27 жас аралығындағы 550 теріскейлік Қарулы Күштер қатарына қосылмақ. Олар бір жыл бойы темірдей тәртіп пен әскери дағдыға үйренеді. Әскерге шақырту алған сарбаздардың алғашқы легі 17-ші қыркүйекте жолға шығады. Он алты азамат Отан алдындағы борышын Алматы облысындағы шекара қызметінде өтемек.
Биыл қарулы күштер қатарына қосылуға жерлесіміз Максим Бартоль да ниетті. Ол Отан алдындағы борышын өтеуді перзенттік парызы санайды. Сондықтан ел қорғауға әрқашан дайын екенін жеткізді.
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.