ҰЛТТЫҚ СПОРТТА ҰПАЙЫМЫЗ ТҮГЕЛ
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өтті. 2000-2003 жылдары туған жастар арасындағы жарыста екі жерлесіміз жүлдегер атанды.
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өтті. 2000-2003 жылдары туған жастар арасындағы жарыста екі жерлесіміз жүлдегер атанды.
Менің бүгінгі спорт саласындағы азды-көпті жетістігім – бапкерлерімнің жұмысының жемісі десем артық айтқандық болмас. Олардың бірі – 35 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанған, КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері Мәлғаждар Омаров. Екіншісі – қазақ күресінен Қазақстан Республикасының жоғары санатты ұлттық төрешісі, “Қазақстан Республикасының құрметті спорт қызметкері” атағының иегері Жанболат Мүсіпов.
Петропавлда облыстық жас құтқарушылар сайысы өтті. Онда 18 командадан 80-нен астам өрен сынға түсті.
Құрметті жас оқырмандарымыз! Жас буын, талапты да талантты шәкірттер!
Қызылжар ауданында кей шенеуніктер бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау мен орындауда жеке бастың жауапкершілігі мен адалдығын танытудың орнына бюджеттік және өзге де заңнамаларды өрескел бұзуды әдетке айналдырған сияқты. Облыстық тексеру комиссиясының аудиторлары сәуір айында экономика және қаржы бөлімін тексеріп, біраз былықтың бетін ашты. 2020 жылы үнемделген “артық ақшаны” бөлімдегі он қызметкер тегін олжадай көріп, өзара бөліске салған. …
Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының XXIII-ші жаңа маусымы басталды. Сахнагерлер көрермен назарына “Ысқақ” атты спектакльдің премьерасын ұсынды.
“Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” 2021 жылғы астықты шаруалардан тікелей сатып алу бағасын жариялады. 3 сыныпты бидайдың бір тоннасының құны балуызына байланысты 103 мың теңгеден басталады. Мәселен, балуыз 23 пайыз болса – 103 мың, 25 пайыз болса – 105 мың, 27 пайыздысы 107 мың теңгеден сатып алынады. Бұл – қосымша құн салығын есептегенде шыққан сома.
Мешіт – Алланың жердегі үйі. Әрбір мұсылман үшін қасиетті орынға жүрегі таза, ниеті түзу жандар ғана бас сұғады. Жастардың өзге ағымның жетегіне ермей, имандылыққа шынайы бет бұрып, мешіт жағалағаны дұрыс-ақ. Өкінішке қарай, еліміздегі ауылдар мен шағын қалалардың көбінде әлі күнге дейін ғибадат үйі жоқ.
Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған “Жасампаздық және даму жылдары” тақырыбымен ашық сабақ өтіп, облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты. Шараға өңіріміздегі 107 білім ошағының 3 мыңнан астам оқушысы онлайн-форматта қосылып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Күздің құбылмалы күн райына алаңдаған диқан қауымында маза жоқ. Бар мақсаттары – ала жаз бойы маңдай термен баптап өсірілген ел ризығын жауын-шашынға ұрындырмай толық жинап алу. Қолдағы мәліметтер бойынша бүгінге дейін 2 млн. 707 мың гектар алқаптың дәнді дақылдары орылып, 91,4 пайызы бастырылды. Егіс алқаптарынан қызыл дән сапырған қырмандарға 4 млн. 42 мың тонна астық …
Өңірімізге жұмыс сапарымен коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі “Ел үшін егілемін” азаматтық штабының мүшелері келді. Делегация өкілдері С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен және жастармен кездесті.
Халық санағы – мемлекет үшін маңызды науқан. Тұрғындардың саны ғана емес, тұрмыс сапасы да есепке алынатын, жасы мен жынысы, әлеуметтік жағдайы, білімі секілді мәліметтер түзілетін, соған сәйкес арнайы бағдарламалар құрылып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы айқындалатын шарадан қалыс қалуға болмайды. Халық санағын ұйымшылдықпен өткізу мәселесі облыстық әкімдік отырысында талқыланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында “халық үніне құлақ асатын мемлекеттің” басты қағидаты – мемлекеттік аппараттың азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеу талабына үлкен маңыз берді. “Мемлекеттік аппарат біртұтас құрылым ретінде жұмыс істеуге міндетті. Солай болған жағдайда ғана біз көздеген мақсатымызға қол жеткіземіз”, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.
Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕС 164/6 түзету мекемесінде ән байқауының іріктеу кезеңі өтті. “Дауыс” тележобасы негізінде ұйымдастырылған байқауға қатысуға әйелдер колониясынан 18 жазасын өтеуші ниет білдірген.
“Nur Otan” партиясы депутаттық фракциясының мүшелері “Өзгерістер жолы: әр адамға – лайықты өмір!” сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қабылданған жол картасының орындалу барысын талқылады. Облыстың, аудандар мен Петропавл қаласының 1134 бөлімнен тұратын 5 жылдық даму жоспары жасалған болатын. Онда қамтылған барлық іс-шаралар қоғамдық кеңестер мен депутаттық корпустың тұрақты бақылауына алынып, жүзеге асырылу барысы ұдайы назарда.
Солтүстік Қазақстан облысында тұрақтандыру қорының өнімдері 26 сауда орны мен базарларда сатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавлда мамандар биотоғаннан шығатын күкіртсутектің иісін жою үшін балдырларды қолданып жатыр, жоба 3 жылға шақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында бір аптаның ішінде полицейлер 15 келі түрлі есірткі затын заңсыз айналымнан алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.