«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.09.2021

Хирург-дәрігердің құқығын қалпына келтірді

Солтүстік Қазақстан облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы медициналық мекеме басшысының орынбасары, хирург-дәрігердің құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

116 тонна қоқыс жиналды

Солтүстік Қазақстан облысында экология департаменті аймақтың атқарушы органдарымен, кәсіпорындарымен, экобелсенділермен, волонтерлермен бірлесіп «World cleanup day 2021» -«Birge Taza Qazaqstan» акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылжарлық көрерменге тарту

Өңірімізге 30 қыркүйек пен 5 қа­зан аралығында Алматы қаласынан М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры гастрольдік сапармен келеді. Өнер майталмандары Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының сахнасында қызылжарлық көрерменді тамаша туындылармен қуантпақ.

Әзірбайжаннан табылды

Өз баласына үш жыл бойы али­мент төлемей, халықаралық іздеу жарияланған ер адамды полицейлер Әзірбайжаннан тапты. Ол 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген болатын. Баласына алимент төлемей қашып кеткен адамды облысымыздың көші-қон қызметі алдымен көрші Ресейден іздеген. Кейін туған елінде жүруі мүмкін деген ақпарат түсісімен, Әзірбайжан республикасындағы әріптестерімен байланысқа шықты. Нәтижесінде оның жүрген жері анықталды. Ер …

Әзірбайжаннан табылды Read More »

ӨНЕР ДОДАСЫ

17-19 қыркүйек күндері Көкшетау қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының 25 жылдығына орай ІІІ аймақтық театрлар фестивалі өтті. Айтулы шараға С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының өнерпаздары да қатысты.

Боранды түнде

10-11-дегі кезім. Сабақтан ке­ліп, шайға отырғаным осы. Кешегіден қалған қаз етінен жасалған салмаға бас қойған бетім. Атам кірді даладан. Күпісін, малақайын іліп жатып: – Рауға, ала сиыр артын созыпты, бүгін бұзаулайтын шығар, – деді.

ӨМІРДІҢ ҚҰНЫН КІМ БІЛГЕН?

Халық ауыз әдебиетінің жинақталуына зор еңбек сіңірген ақын Мәриям Хакімжанованың туғанына биыл 115 жыл толады. Көзі тірісінде төл поэзиямыздың қоржынына бірнеше жыр жинағын сыйлаған қаламгер қазақтың өлең өлкесіне қадам басқан қыздарының қадамының сәтті болуына қолдау көрсетті. Әдебиет әлеміне Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин сынды Алаштың арыстары жетелеп әкелген Мәриям ақын ғұмырының соңына дейін елді, жерді, сүйіспеншілікті …

ӨМІРДІҢ ҚҰНЫН КІМ БІЛГЕН? Read More »

СУРЕТ БАЙҚАУЫ

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ұйымдастыруымен Аналар күні аясында 12 қыркүйектен бастап “Менің аяулы анашым” атты балалар сурет байқауы жарияланған болатын. Оған 45 жұмыс ұсынылды. Сайысқа 5-15 жас аралығындағы балалар қатысты. Мерекелік іс-шара барысында байқаудың қорытындысы шығарылып, балалар шығармашылығы көрмесі мен “Анаға сыйлық” атты шеберлік сағат өткізілді. Жиналғандар “Қоғамдық келісім” мекемесі әзірлеген концерттік бағдарламаны жылы қабылдады. …

СУРЕТ БАЙҚАУЫ Read More »

ҰЛЫЛАРДЫҢ ОРДАСЫ — ҚЫЗЫЛЖАР

Қасиетті Қызылжар топырағында талай ұлыларымыздың кіндік қаны тамғаны белгілі. Өкінішке қарай, бодандықтағы үш жүз жыл ішінде көбінің есімдері ұмытылып, ұлты үшін атқарған ерен істері, көзсіз ерліктері тарихтан қасақана өшірілді. Еліміздің Тәуелсіздік алуымен өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей күй кештік. Үш жүздің басын қосқан Абылай ханның қаламыздағы ордасының қалпына келтірілуі – 2008 жылы ел өмірінде орын алған …

ҰЛЫЛАРДЫҢ ОРДАСЫ — ҚЫЗЫЛЖАР Read More »

ЖАБДЫҚТАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаевтың қатысуымен “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамының нысандарына баспасөз туры ұйымдастырылды.

ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ЕКПЕ АЛАДЫ

Облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтыру фактілері азайғанымен қауіптің беті сейілмей отыр. Бүгіндері бір тәуліктің ішінде қатерлі індет сексенге жуық адамнан анықталуда. Статистиканы төмендетудің бірден-бір жолы – екпе алу. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында “Ел үшін егілемін” азаматтық штабының мүшелері айтып берді.

Ауыл спортының аламаны

Облыстық “Ақ бидай” ойындары өз мәресіне жетті. Биылғы жарыс пандемияға байланысты Айыртау ауданында емес, Петропавлда ұйымдастырылды. Дәстүрлі ауыл спортшыларының спартакиадасы 13 спорт түрінен өтіп, жалпыкомандалық есепте Қызылжар ауданы бірінші орынды иеленді. Салтанатты марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты.

Оқу орындарына — озық техника

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың Есіл ауданына жұмыс сапары егіс алқаптарын аралаудан басталды. Баян Барлыбаев жетекшілік ететін “Қозыбаев және К” ЖШС-і Покровка ауылдық округінде орналасқан. Шаруашылық егіншілікпен көп жылдан бері айналысады. Биылғы күзгі ораққа жан-жақты дайындалғаны бірден аңғарылады. Әр күнді ұйымшылдықпен өткерудің арқасында дәнді-дақылдарды жинау аяқталып, комбайндар майлы дақылдар танаптарына ауысқан. Құмар Іргебайұлы егіс басында агроқұрылым …

Оқу орындарына — озық техника Read More »

“Қайратқа” есе жіберді

Қазақстан премьер лигасының 21 турында алматылық “Қайрат” пен “Қызылжар” командасы кез­десті. Шымкенттегі “Ордабасымен” ойындағы жеңіліс пен конференция лигасындағы кипрлық “Омониямен” тең түскен алматылықтарға бұл жолы жеңіс ауадай қажет еді. Ойын басталысымен қызылжарлық қақпашы Мирослав Лобанцев бірнеше қауіпті соққының бетін қайтарды. Екінші таймда алматылықтар шабуылды сәл баяулатып, айып доптарына арқа сүйегендей көрінді. Бұл тактика нәтижесін беріп, …

“Қайратқа” есе жіберді Read More »