«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Адам қаза тапқан жол апатында жүргізуші мас болған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда бір адам мерт болған жол-көлік оқиғасында бағанға соғылған көлік жүргізушісі мас болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Toyota Avensis» көлігінің жүргізушісі 19 қыркүйек күні сағат 3.40 минут кеткенде рульге ие бола алмай қалып, бағдаршам бағанына соғылған болатын.

Салдарынан екі жолаушы жарақат алып, біреуі ауруханада көз жұмды. Медициналық куәландыру «Toyota Avensis» көлігінің жүргізушісінің мас болғанын көрсетті.

«Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 346 бабы 5 бөлігі бойынша енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – дейді СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сән Жұмағазина.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp