Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ұйымдастыруымен Аналар күні аясында 12 қыркүйектен бастап “Менің аяулы анашым” атты балалар сурет байқауы жарияланған болатын. Оған 45 жұмыс ұсынылды. Сайысқа 5-15 жас аралығындағы балалар қатысты. Мерекелік іс-шара барысында байқаудың қорытындысы шығарылып, балалар шығармашылығы көрмесі мен “Анаға сыйлық” атты шеберлік сағат өткізілді. Жиналғандар “Қоғамдық келісім” мекемесі әзірлеген концерттік бағдарламаны жылы қабылдады.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.