«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әзірбайжаннан табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өз баласына үш жыл бойы али­мент төлемей, халықаралық іздеу жарияланған ер адамды полицейлер Әзірбайжаннан тапты. Ол 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген болатын. Баласына алимент төлемей қашып кеткен адамды облысымыздың көші-қон қызметі алдымен көрші Ресейден іздеген. Кейін туған елінде жүруі мүмкін деген ақпарат түсісімен, Әзірбайжан республикасындағы әріптестерімен байланысқа шықты. Нәтижесінде оның жүрген жері анықталды. Ер адамға қатысты жиналған материал жеке сот орындау-шыларына берілді.

Әзірбайжан азаматын борышкерлерді анықтауға арналған акция аясында таптық. Акция барысында іздеуде жүрген 15 адам табылды, оның екеуі туыстық қатынасты жоғалтқан, үшеуі – борышкер, оны – алимент төлеуден қашып жүргендер. Жалпы акция басталмас бұрын біздің өндірісте 80 тергеу ісі болды. Оның 28-і борышкерге, 31-і алимент төлемегендерге және 21-і туыстық қатынасты жоғалтқандар­ға қатысты. Оларды табуға полицияның бүкіл құрылымдары жұмылдырылды.

Талғат ӘБІЛЕВ,

облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp