Нұр-Сұлтан қаласында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевты еске алуға арналған мектеп оқушылары арасында қазақ күресінен турнир өтті. Жарысқа 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер қатысып, Солтүстік Қазақстан облысының командасы жақсы өнер көрсетті.
Жарыстың мақсаты – Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін ұлықтау. Дүбірлі бәсекеге еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды қалалары мен Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының командалары қатысты.
Боз кілемге шыққан жерлестеріміздің қоржынына 2 күміс және 4 қола түсті. Досжан Сапарғали (50 килограмм) және Дмитрий Диннер (65 килограмм) екінші орын алды. Ал Жоламан Сәдуақасов (45 килограмм), Руслан Ілбілсінов (60 килограмм), Айдын Қуанышев (70 килограмм) пен Бахтияр Анура (82 килограмм) үшінші орындарға жайғасты.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.