«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.09.2021

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

Облыс орталығында қалалық жастар ресурстық орталығы мен “Қызылжар – адалдық алаңы” жоба­лық кеңсесінің өкілдері “Сақтан” акциясын өткізді. Шараның мақсаты – жемқорлықтың алдын алу.

Қауіпсіздік сабағы

Жыл басынан бері өңірде жол-көлік оқиғаларынан 3 бала және 28 жасөспірім көз жұмды. Мұндай қайғылы фактілерді бол­дырмау мақсатында Петропавлдағы облыстық қуыршақ театрының әртістері патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге бастауыш сынып оқушыларына жол жүру ережелерін түсіндірді.

ЖАЛАҚЫЛАРЫН БЕРДІ

Маусым айында “Петропавл ха­лықаралық әуежайы” АҚ-ның 109 жұмысшысына еңбекақы бойынша қарызы шамамен 30 млн. тең­геге жеткен еді. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мирхат Әбілмәжіновтің айтуынша, әуежай жұмысшыларының еңбекақы бойынша қарызын банкроттық басқарушы шілде-тамыз айында толық өтеді.

АЛАЯҚ БЕС БАНКТЕН НЕСИЕ АЛДЫРТҚАН

Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізсе де, интернет алаяқтардың құрбандары азаймай отыр. Соңғы оқиға айқын дәлел бола алады. Белгісіз қылмыскер Петропавл қаласының тұрғынына телефон соғып, өзін банктің қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырған және әйелге оның атына біреу несие ресімдемекші болып жатқанын айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, қылмыскер өз-өзіне сенімді болған және банк терминдерін еркін меңгерген. Ол зардап шегушіні 2 …

АЛАЯҚ БЕС БАНКТЕН НЕСИЕ АЛДЫРТҚАН Read More »

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БАСТЫ ҚАЗЫНАСЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Тілім барда айтылар сыр ойдағы” атты “дөңгелек үстел” отырысы өтті.

Неонаталды скрининг қалай жүргізіледі?

Жыл сайын Қазақстанда 400 мыңға жуық нәресте дү­ниеге келеді. Әрбір сәбиге туғаннан кейін бірден міндетті түрде неонаталды скрининг жүргізілуі тиіс. Ол МӘМС пакетінде толық қаржыландырылады.

РИНГ СЫРТЫНДАҒЫ “БОКС”

Токио Олимпиадасынан кейін Қазақстан боксы құрдымға кетіп бара жатқандығы жайлы түрлі әңгімелер айтылып жатыр. Осы саланың басы-қасында жүрген мамандар мен көптеген жанкүйерлер тарапынан айтылған сынды біз орынды деп есептейміз.

АҚЫН МҰРАЖАЙЫ – КИЕЛІ ОРЫН

Ерік Көжекпаев ағамыз 1989 жылы Сарытомар орта мектебі­нің бір бөлмесінде ақын Мағжан Жұмабаевқа арнап шағын музей ұйымдастырған болатын. Кейін еліміз егемендік алып, Алаш ардақтыларының асыл есімдерін ұлықтау басталған кезде бал қарағайдан төрт бөлмеден тұратын музей салынды. Кейін кеңшар орталығына белгілі мүсінші Азат Баярлин жасаған поэзия пайғамбарының ескерткіші орнатылғанды. Ақынның 110 жылдық мерейтойы қарсаңында жұртшылық тілегін …

АҚЫН МҰРАЖАЙЫ – КИЕЛІ ОРЫН Read More »

АЖАРЫ АРТА ТҮССІН

Биыл – еліміз үшін мерейлі жыл, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Ата-бабаларымыздан аманатқа қалған қасиетті жерімізді одан әрі гүлдендіруге әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.

Еңбек түбі – береке

Мағжан Жұмабаев ауданының ырыздығын жерден тапқан диқандары ауа райының қолайсыздығына қарамастан егіс алқаптарында жүр. Мақсат – алтын дәнді шашау шығармай қамбаға құйып алу. “Агро-Комплекс-Сулышоқ” ЖШС-інде де жұмыс қыза түскен.

АЗАТТЫҚ АСҚАҚ МАҚСАТТАРҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Аудан тарихы сонау 1928 жылдан басталады, ал жаңа мыңжылдықтың басынан бері күллі түркі әлемінің ортақ тұлғасы, ақиық ақын, Алаштың ардақты ұлы Мағжан Жұмабаевтың есімімен аталады. Аудан тұрғындарының негізгі кәсібі – ауыл шаруашылығы. Тәуелсіздік жылдары бұл сала жаңаша қарқынмен дами түсті. 64 серіктестік пен 266 фермерлік қожалық сүтті мал шаруашылығын дамыту, ірі қара етін өндіру, дәнді …

АЗАТТЫҚ АСҚАҚ МАҚСАТТАРҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ Read More »

Ауданның бренді

Мағжан Жұмабаев ауданы тура­лы әңгіме қозғала қалса алдымен еске түсетін танымал тауарларының бірі – “Пальчик” жеке кәсіпкерлігі шығаратын сүт өнімдері. Экологиялық таза, зиянды қоспасыз өнімдер өңір тұрғындарының ерекше сұранысына ие. Отандық тауарөндіруші шығарған сүт, ірімшік, айран, май-қаймағы еліміздегі дүкен сөрелерінде ғана емес, көрші мемлекеттің іргелес елді мекендерінде де самсап тұр.

ҰРПАҚҚА АДАЛ ҰСТАЗ

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қадыр Мырза-Әлінің: “Ата-бабам мықты еді ғой, мықты еді. Ұрпағымыз одан бетер болу ке­рек мықтырақ” деген терең мағыналы сөзі бар. Тәуелсіз­дігі­міз­дің тірегі, азаттығымыздың тұтқасы болар жас ұрпақ тәр­бие­­­сі жолында тер төгіп жүрген ұстаз­дардың қатарында жа­уап­­кершілікті салмақтай алатын, өз қыз­метін ұзақ жылдар бойы мінсіз атқарып жүрген әріп­тес­­теріміз аз емес. Солардың бі­­рі – әл-Фараби …

ҰРПАҚҚА АДАЛ ҰСТАЗ Read More »

Ауыл тұрғындары “шөлдеп отыр”

Мамлютка қаласында ертелі-кеш колонка жағалап, судың кезегінде тұрған жұртшылықты жиі көремін. Әрқайсысы бір-бір флягасын сүйреп алып, құдыққа, одан үйіне қарай асығып бара жатады. Байқауымша, көбі су алатын колонкадан жырақтау тұратын көрінеді. Жаздың күні алыстан су тасу аса көп қиындық тудырмас, ал қыстың көзі қырауда қайтпек?

Көлеңкелі тұстар көп

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің басшысы Жарқын Ғалымов “AnticorLive” қызметінің тікелей эфирінде өткен сегіз айды қорытындылап, осы мерзімде атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.

Іріктеу тәртібі өзгерді

Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Елена Степаненко облыстық әкімдіктің үлкен залында Президенттік жастар кадр резервіне қатысуға ниет білдірген 50-ден астам үміткермен кездесіп, биылғы конкурстың жаңашылдықтары мен ерекшеліктері жайлы айтып берді.

СҮТ ФЕРМАЛАРЫН САЛУДАҒЫ СОНЫ ТӘЖІРИБЕ

Солтүстік Қазақстан облысы – ауыл шаруашылығы үшін, соның ішінде ет-сүт өндіруге қолайлы өңір. Қазіргі күні облысты дамытудың кешенді жоспары аясында аудандарда тауарлы-сүт фермалары құрылуда. Солтүстік Қазақстан облысының сүт фермаларын салудағы соны тәжірибесі жайында Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде айтылды.

ЕЛОРДАДАҒЫ ФОРУМ

Нұр-Сұлтан қаласында 22-24 қыркүйек күндері Қазақстан машина жасаушыларының “Kazakhstan Machinery Fair – 2021” IX халықаралық форумы өтті.

ҚҰС ӨСІРУГЕ ҚОЛАЙЛЫ Аққайың ауданында салынып жатқан бройлер фабрикасының әлеуеті жоғары

Аққайың ауданындағы Қиялы ауылында жыл соңына дейін 632 сиырға арналған тауарлы-сүт фермасы ашылады. Жұмыс сапарымен ауданға барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов алдымен осы кешеннің құрылысымен танысты. Жобаның жалпы құны 3,7 млрд. теңге. “Гагарин” ЖШС-нің директоры Марат Қарымсақовтың айтуынша, серіктестік жылына 3000 тонна сүт өндіруді жоспарлап отыр.